https://sputnik.kz/20230815/yadrolyq-qarudy-taratpau-zhonindegi-kelisimshart-buzyluy-mumkin--lavrov-37750615.html
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт бұзылуы мүмкін – Лавров
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт бұзылуы мүмкін – Лавров
Sputnik Қазақстан
АҚШ, НАТО және Еуроодақ Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етіп, ядролық державалардың тікелей әскери қақтығыс қаупін айтарлықтай арттырып жатыр. Бұл туралы... 15.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-15T18:46+0500
2023-08-15T18:46+0500
2023-08-21T15:46+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33808751_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_3bb396b70e3e2056684f5d9ccddcd055.jpg
АҚШ, НАТО және Еуроодақ Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етіп, ядролық державалардың тікелей әскери қақтығыс қаупін айтарлықтай арттырып жатыр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі халықаралық қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости."Бүгінгі таңда Ресейді тежеу және ресейлік әлемді бөлу жөніндегі геосаяси жобасын сақтап қалу үшін АҚШ, НАТО және Еуропалық Одақ Украинаны заманауи қару-жарақпен қамтамсыз етіп, қақтығысты арандатып, қарудың бүкіл әлемде бақылаусыз таралуын күшейтіп жатыр. Олардың авантюралық әрекеті ядролық державалар арасындағы тікелей әскери қақтығыс қаупін айтарлықтай арттырады", - деді Лавров.РФ Сыртқы істер министрінің айтуынша, Ресей АҚШ Ядролық қаруды таратпау туралы шартты қолданыстан шығаруға дайындалып жатыр деп қауіптенеді."Қазір АҚШ қару-жарақты бақылау және таратпау саласындағы бірқатар негізгі келісімді қолданыстан шығарды. Ал енді олар жаһандық қауіпсіздік архитектурасының негізгі элементтерінің бірі – Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа да киліккелі отыр деген қауіп бар", - деді Лавров Мәскеу қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде."Атап айтқанда, біз мұндай қауіп AUKUS жаңа әскери блогы аясындағы англосаксондық ядролық жобаны осы шарттың рәсімінен шығаруға ашық әрекеттердің нәтижесінде туындап отырғанын байқаймыз", - деді ресейлік министр.Еске салсақ, 2021 жылдың қыркүйегінде Австралия, АҚШ және Ұлыбритания 2030 жылдардың соңына қарай австралиялық атомдық сүңгуір қайықтар флотын құруға бағытталған AUKUS стратегиялық серіктестігін жариялады. Сондай-ақ Австралия серіктестік аясында өзінің зымыран қаруларын алуға және серіктестермен дыбыстан жылдам зымыранды бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін мәлімдеді.Сергей Лавров Батыстың бірауыздан Нигерде демократияны қалпына келтіруді талап отырғанына қатысты пікір білдірді."Қазір Батыстың демократияны қалпына келтіруді талап етіп, Нигердегі мемлекеттік төңкеріске қатысты бірауыздан реакция білдіріп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ Батыс елдері 2014 жылы "қанды төңкеріс" арқылы Украинадағы заңды биліктің ауысуына ешқандай пікір де білдірмеген еді. Мұндай қос стандарттың мысалдарын ұзақ келтіруге болады", - деді Лавров.Айта кетсек, шілде айының соңында Нигер әскерилері ұлттық теледидар арқылы президент Мохамед Базумның биліктен шеттетілгенін хабарлады. Бірақатр Батыс елінің жетекшілері мен Батыс Африканың экономикалық қауымдастығының (ECOWAS) аймақтық ұйымы бұл төңкерісті құптамады.Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыс елдері Азия – Тынық мұхиты аймағындағы (АТР) қауіпсіздік архитектурасын жою және онда әскери блоктар құру бағытын көздеп отырғанын айтты."Азия – Тынық мұхиты аймағындағы инклюзивті, консенсусқа негізделген, АСЕАН-қа бағытталған қауіпсіздік архитектурасын жою, онда әскери блоктар құру, НАТО инфрақұрылымын ілгерілету бойынша бағыт көзделіп отыр. Еуроатлантикалық және Үнді-Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздігінің бөлінбейтіндігін жария ете отырып, НАТО мүшелері альянстың таза қорғаныс сипаты туралы бұрынғы мәлімдемелерін жоққа шығарды және бұдан былай олар өз аумақтарын қорғап қана қоймай, осы аймақтағы өздерінің үстемдігін насихаттаумен айналысатындарын ресми түрде декларациялады", - деді Сергей Лавров Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясы XI сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33808751_237:0:2968:2048_1920x0_80_0_0_7d0750bd4f100c9fa0b82321e4b61324.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ, НАТО және Еуроодақ Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етіп, ядролық державалардың тікелей әскери қақтығыс қаупін айтарлықтай арттырып жатыр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі халықаралық қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости."Бүгінгі таңда Ресейді тежеу және ресейлік әлемді бөлу жөніндегі геосаяси жобасын сақтап қалу үшін АҚШ, НАТО және Еуропалық Одақ Украинаны заманауи қару-жарақпен қамтамсыз етіп, қақтығысты арандатып, қарудың бүкіл әлемде бақылаусыз таралуын күшейтіп жатыр. Олардың авантюралық әрекеті ядролық державалар арасындағы тікелей әскери қақтығыс қаупін айтарлықтай арттырады", - деді Лавров.
РФ Сыртқы істер министрінің айтуынша, Ресей АҚШ Ядролық қаруды таратпау туралы шартты қолданыстан шығаруға дайындалып жатыр деп қауіптенеді.
"Қазір АҚШ қару-жарақты бақылау және таратпау саласындағы бірқатар негізгі келісімді қолданыстан шығарды. Ал енді олар жаһандық қауіпсіздік архитектурасының негізгі элементтерінің бірі – Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа да киліккелі отыр деген қауіп бар", - деді Лавров Мәскеу қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде.
"Атап айтқанда, біз мұндай қауіп AUKUS жаңа әскери блогы аясындағы англосаксондық ядролық жобаны осы шарттың рәсімінен шығаруға ашық әрекеттердің нәтижесінде туындап отырғанын байқаймыз", - деді ресейлік министр.
Еске салсақ, 2021 жылдың қыркүйегінде Австралия, АҚШ және Ұлыбритания 2030 жылдардың соңына қарай австралиялық атомдық сүңгуір қайықтар флотын құруға бағытталған AUKUS стратегиялық серіктестігін жариялады. Сондай-ақ Австралия серіктестік аясында өзінің зымыран қаруларын алуға және серіктестермен дыбыстан жылдам зымыранды бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін мәлімдеді.
Сергей Лавров Батыстың бірауыздан Нигерде демократияны қалпына келтіруді талап отырғанына қатысты пікір білдірді.
"Қазір Батыстың демократияны қалпына келтіруді талап етіп, Нигердегі мемлекеттік төңкеріске қатысты бірауыздан реакция білдіріп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ Батыс елдері 2014 жылы "қанды төңкеріс" арқылы Украинадағы заңды биліктің ауысуына ешқандай пікір де білдірмеген еді. Мұндай қос стандарттың мысалдарын ұзақ келтіруге болады", - деді Лавров.
Айта кетсек, шілде айының соңында Нигер әскерилері ұлттық теледидар арқылы президент Мохамед Базумның биліктен шеттетілгенін хабарлады. Бірақатр Батыс елінің жетекшілері мен Батыс Африканың экономикалық қауымдастығының (ECOWAS) аймақтық ұйымы бұл төңкерісті құптамады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыс елдері Азия – Тынық мұхиты аймағындағы (АТР) қауіпсіздік архитектурасын жою және онда әскери блоктар құру бағытын көздеп отырғанын айтты.
"Азия – Тынық мұхиты аймағындағы инклюзивті, консенсусқа негізделген, АСЕАН-қа бағытталған қауіпсіздік архитектурасын жою, онда әскери блоктар құру, НАТО инфрақұрылымын ілгерілету бойынша бағыт көзделіп отыр. Еуроатлантикалық және Үнді-Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздігінің бөлінбейтіндігін жария ете отырып, НАТО мүшелері альянстың таза қорғаныс сипаты туралы бұрынғы мәлімдемелерін жоққа шығарды және бұдан былай олар өз аумақтарын қорғап қана қоймай, осы аймақтағы өздерінің үстемдігін насихаттаумен айналысатындарын ресми түрде декларациялады", - деді Сергей Лавров Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясы XI сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.