Талдықорғандағы авиациялық базада әскери қызметші қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны РКЗдание министерства обороны Казахстана
Здание министерства обороны Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда жауынгерлік ұшақты ұшыру кезінде әскери қызметшілер зардап шекті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Қайғылы оқиға 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында болған.
"Жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды. Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп жазылған қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Жаңалықтар
0