Қазақстанда инфляция 14 %-ке дейін төмендеді – Смайылов

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов инфляцияның төмендеп жатқанын мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
“Ақпан айынан бері инфляция біртіндеп баяулап барады, қолға алынған іс-шаралардың арқасында біз оның жылдық мәнін 14 процентке төмендеттік. Дегенмен жылдың соңына дейін инфляцияны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайту міндеті тұр”, - деді Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, бүгінде азық-түлік қымбатшылығы инфляцияны үдетіп отыр.
“Сондықтан тиісті шараларды уақытында қолға алу мәселесіне баса назар аудару керек. Соның барлығы инфляцияны бақылау және төмендету жоспарында көрсетілген. Делдалдарды анықтау саласындағы жұмысты да күшейту керек. Әкімдіктер осы мәселені жіті бақылауда ұстауы қажет. Оған аймақ басшылары тікелей жауапты”, - деп атап көрсетті премьер-министр.
Жаңалықтар
0