Қазақстанда дизель отынының қанша қоры қалды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПродажа дизельного топлива, архивное фото
Продажа дизельного топлива, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ішкі нарықты қамтамасыз етуге арналған дизель отынының 28 күндік қоры бар, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
"Мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелтілген көлемді ескере отырып, елдің мұнай базаларындағы дизель отынының жиынтық қалдығы 504 мың тоннаны құрады. Бұл көлем орта есеппен 28 күнге жетеді. Оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарындағы қор 67,6 мың тонна деңгейінде", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінде, қазір дизель отынына қатысты елеулі проблема жоқ. Алдын ала есеп бойынша тамыз айында ішкі нарыққа 500 мың тонна дизель отыны керек болған. Дегенмен, осы айда 526 мың тонна өндірілетін болды.
Бұл тұрғыда осы отын түрінің жалпы көлемі 1009 мың тоннаны құрайды. Яғни тамыз айының басындағы 483 мың тонна қалдыққа жалпы өндірілетін 526 мың тонна көлемді қосқанда осы көлем шығып тұр.
"Мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі өндіру көлемі ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеді. Тамыз айының соңындағы дизель отының қалдығы шамамен 513 мың тоннаны құрайды", - дейді ведомстводағылдар.
Жаңалықтар
0