https://sputnik.kz/20230815/qazaqstanda-balabaqshaga-kezekke-turudyn-biryngay-bazasy-qurylady-37681320.html
Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады
Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады
Sputnik Қазақстан
1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады 15.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-15T11:45+0500
2023-08-15T11:45+0500
2023-08-15T11:46+0500
балабақша
кезекке тұру
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы жасалады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Сондай-ақ министр атап өткендей, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.Айта кетерлігі, елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, кезекке тұру
Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады
11:45 15.08.2023 (жаңартылды: 11:46 15.08.2023) 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы жасалады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
"Отбасылардың өмірлік түрлі жағдайларына байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылып жатыр. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе – халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру", - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр атап өткендей, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.
Айта кетерлігі, елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.