Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады

© Sputnik/Ертай СарбасовТоржественное открытие движения по Большой Алматинской кольцевой автодороге (БАКАД)
Торжественное открытие движения по Большой Алматинской кольцевой автодороге (БАКАД) - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерін қайта құрудың ауқымды бағдарламасымен байланысты
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы "Бақты" өткізу пункті 18-20 тамызда жабылады, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Өйткені бұл күндері автомобильдерді шекарар арқылы өткізу мүмкіндігі болмайды.
"18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жұмыстары жүргізіледі. "Бақты" өткізу пункті 21 тамыздан бастап штаттық режимде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп атап өтті ведомство.
Комитет жыл басынан бері ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде автомобиль өткізу пунктерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жүріп жатқанын айтты.
Жаңалықтар
0