https://sputnik.kz/20230815/qazaqmys-shakhterleri-ereuilge-shyqty-talaptardyn-bir-boligi-oryndalady-37670298.html
"Қазақмыс" шахтерлері ереуілге шықты: талаптардың бір бөлігі орындалады
"Қазақмыс" шахтерлері ереуілге шықты: талаптардың бір бөлігі орындалады
Sputnik Қазақстан
Қалған мәселелер заңнамаға түзетулер енгізуді талап етеді 15.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-15T07:24+0500
2023-08-15T07:24+0500
2023-08-15T07:50+0500
қазақмыс
ереуіл
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Ұлытау облысында ереуілге шыққан шахтерлердің кейбір талаптары сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды."Қазақмыс" басшылығының өкілдері келіссөз жүргізу үшін шахтаға түсті. Нәтижесінде тараптар келісімге келді."Көтерілген мәселелердің бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайды", - деп жазылған хабарламада.Келіссөзден кейін кәсіпорындарда жұмыс жалғасты. Шараға қатысқан жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.Еске сала кетейік, жұмысшылар басшылықтан еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен болатын. Онда ақшалай жәрдемақы, демалыс күндері, тау-кен техникалық тозған жабдықтарды жөндеу және медициналық сақтандыру мәселелері бар.
https://sputnik.kz/20230710/astanada-yandeks-kurerleri-ereuilge-shyqty--video-36645149.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақмыс, ереуіл
"Қазақмыс" шахтерлері ереуілге шықты: талаптардың бір бөлігі орындалады
07:24 15.08.2023 (жаңартылды: 07:50 15.08.2023) Қалған мәселелер заңнамаға түзетулер енгізуді талап етеді
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Ұлытау облысында ереуілге шыққан шахтерлердің кейбір талаптары сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды.
"Қазақмыс" басшылығының өкілдері келіссөз жүргізу үшін шахтаға түсті. Нәтижесінде тараптар келісімге келді.
"Көтерілген мәселелердің бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайды", - деп жазылған хабарламада.
Келіссөзден кейін кәсіпорындарда жұмыс жалғасты. Шараға қатысқан жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.
Еске сала кетейік, жұмысшылар басшылықтан еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен болатын. Онда ақшалай жәрдемақы, демалыс күндері, тау-кен техникалық тозған жабдықтарды жөндеу және медициналық сақтандыру мәселелері бар.