https://sputnik.kz/20230815/oqu-zhylynyn-uzaqtygy-bir-aptanyn-ishinde-sheshiledi---ministr-37680594.html
Оқу жылының ұзақтығы бір аптаның ішінде шешіледі - министр
Оқу жылының ұзақтығы бір аптаның ішінде шешіледі - министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты мәселе бір аптаның ішінде шешілетінін мәлімдеді, хабарлайды... 15.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-15T11:04+0500
2023-08-15T11:04+0500
2023-08-15T11:04+0500
оқу жылы
оқу-ағарту министрлігі
ғани бейсембаев
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31947960_0:104:3272:1945_1920x0_80_0_0_66bf82cf66fcb275b04e8e610d8537bf.jpg
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты мәселе бір аптаның ішінде шешілетінін мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл мектеп оқушыларының оқу жылы ұзартылған болатын. Бірақ көбісі оқулықтарын ерте тапсырды, ал ата-аналар өз наразылығын білдірді. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде сарапшылар осы мәселені талқылауға кірісті.Министрдің сөзіне қарағанда, осы аптада сарапшылар ортақ шешімге келуі керек. Ал ата-аналар талқылауға қатыса алмайды.“Иә, ата-аналар да бәрін біліп отыруы керек. Бірақ қазақта бір сөз бар ғой, “Шымшық сойса да, қасапшы сойсын”. Шешімді сарапшылар қабылдауы тиіс”, - деп атап көрсетті министр.
https://sputnik.kz/20220727/oqu-zhylynyn-uzartyluy-oqushylardyn-densaulyg-26378170.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31947960_271:0:3002:2048_1920x0_80_0_0_c32a723d06626c1a8ec83cce0b64a362.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу жылы, оқу-ағарту министрлігі, ғани бейсембаев
оқу жылы, оқу-ағарту министрлігі, ғани бейсембаев
Оқу жылының ұзақтығы бір аптаның ішінде шешіледі - министр
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты мәселе бір аптаның ішінде шешілетінін мәлімдеді, хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл мектеп оқушыларының оқу жылы ұзартылған болатын. Бірақ көбісі оқулықтарын ерте тапсырды, ал ата-аналар өз наразылығын білдірді. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде сарапшылар осы мәселені талқылауға кірісті.
“Сарапшылар екіге бөлініп отыр. Біреулер 34 аптаны қолдаса, басқалары 36 апта болуы керек дейді. Мен өзім екі жақпен де кездестім. Бірақ шешім алдымен оқушылар үшін ыңғайлы болуы керек. Сондықтан мен екі жақ сарапшылар бірігіп, барлығына ортақ бір шешімге келсін деген тапсырма бердім”, - деді Бейсембаев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы аптада сарапшылар ортақ шешімге келуі керек. Ал ата-аналар талқылауға қатыса алмайды.
“Иә, ата-аналар да бәрін біліп отыруы керек. Бірақ қазақта бір сөз бар ғой, “Шымшық сойса да, қасапшы сойсын”. Шешімді сарапшылар қабылдауы тиіс”, - деп атап көрсетті министр.