https://sputnik.kz/20230815/maskeude-abaevqa-uly-otan-sogysynda-qaza-tapqan-qazaqstandyqtardyn-suyegi-tapsyryldy-37702515.html
Мәскеуде Абаевқа Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың сүйегі тапсырылды
Мәскеуде Абаевқа Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың сүйегі тапсырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті. 15.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-15T20:10+0500
2023-08-15T20:10+0500
2023-08-15T20:10+0500
мәскеу
ұлы отан соғысы
жауынгерлер
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37690138_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_65495c87946ad6844af5dcfedc1106e9.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.Оларды Тверь облысынан "Память поколений" және "Фронтовые дороги" іздестіру топтары тапты. Жауынгерлердің медальондарында сақталған жазбалардың арқасында 1903 жылы Алматы облысында туған Филипп Парасенко мен 1913 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған Иван Сурниннің жеке бастарын анықтау мүмкін болды. Екеуі де 1942 жылы Ржев түбіндегі қанды шайқаста қаза тапқан.ҚР РФ Елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде Қазақстан қаза болған ата-бабаларымызды еске алып, құрметтейтінін атап өтті. "Сіздер үлкен іс атқардыңыздар, сонымен қатар, соғыс жылдарындағы халықтың ерлігі туралы тарихи жадымызды қалпына келтіру және сақтау үшін әлі де көп жұмыс жасайтындарыңызға сенімдімін", – деп іздестірушілерге алғысын білдірді."Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев бірлестік жұмыс істеген бес жыл ішінде соғыс жылдарында хабарсыз кетіп, қаза тапқан 2,5 мыңнан астам қазақстандықтың тағдырын анықтау мүмкін болғанын еске салды. Ол Иван Сурниннің туыстары табылғанын, ал Филипп Парасенконың туыстары іздестіріліп жатқанын айтты. Жақын арада жауынгерлердің сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық құрметпен жерленетін болады.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37690138_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_45711fdf5011c337fb2a79cfe256bfc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, ұлы отан соғысы, жауынгерлер
мәскеу, ұлы отан соғысы, жауынгерлер
Мәскеуде Абаевқа Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың сүйегі тапсырылды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.
Оларды Тверь облысынан "Память поколений" және "Фронтовые дороги" іздестіру топтары тапты. Жауынгерлердің медальондарында сақталған жазбалардың арқасында 1903 жылы Алматы облысында туған Филипп Парасенко мен 1913 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған Иван Сурниннің жеке бастарын анықтау мүмкін болды. Екеуі де 1942 жылы Ржев түбіндегі қанды шайқаста қаза тапқан.
ҚР РФ Елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде Қазақстан қаза болған ата-бабаларымызды еске алып, құрметтейтінін атап өтті. "Сіздер үлкен іс атқардыңыздар, сонымен қатар, соғыс жылдарындағы халықтың ерлігі туралы тарихи жадымызды қалпына келтіру және сақтау үшін әлі де көп жұмыс жасайтындарыңызға сенімдімін", – деп іздестірушілерге алғысын білдірді.
"Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев бірлестік жұмыс істеген бес жыл ішінде соғыс жылдарында хабарсыз кетіп, қаза тапқан 2,5 мыңнан астам қазақстандықтың тағдырын анықтау мүмкін болғанын еске салды. Ол Иван Сурниннің туыстары табылғанын, ал Филипп Парасенконың туыстары іздестіріліп жатқанын айтты. Жақын арада жауынгерлердің сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық құрметпен жерленетін болады.