МАЭК-тегі апат мұнай өндіру көлеміне әсер етуі мүмкін – энергетика министрлігі

© Sputnik / Ramil SitdikovАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
Энергия көздеріндегі үзілістерге байланысты Маңғыстау облысында мұнай өндіру көлемі төмендеді
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстанның батысындағы энергетика апаты елдің 2023 жылғы мұнай өндіру болжамына әсер етуі мүмкін, деп хабарлады энергетика министрлігі.
"Энергия көздеріндегі үзілістерге байланысты Маңғыстау облысында мұнай өндіру көлемі төмендеді. Салдарынан жыл соңына дейін мұнай өндіру көлеміне әсер етеді", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 7 айда 90,5 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып, оның 99,4%-і орындалған.
Энергетика министрлігі Маңғыстау облысындағы энергия көздеріндегі үзілістерге байланысты өндіру көлемін одан ары қарай назарда ұстайды. Мұнай өндіру болжамы түзетілуі мүмкін, деп толықтырды ведомство.
Жаңалықтар
0