https://sputnik.kz/20230814/zheke-tulgalardyn-banktegi-salymy-rekordtyq-18-trln-tengege-zhetti-37656927.html
Жеке тұлғалардың банктегі салымы рекордтық 18 трлн теңгеге жетті
Жеке тұлғалардың банктегі салымы рекордтық 18 трлн теңгеге жетті
Sputnik Қазақстан
Салымдардың 80%-тен астамы Қазақстанның үздік 5 банкінда сақталған 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T13:43+0500
2023-08-14T13:43+0500
2023-08-14T13:58+0500
депозит
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_0:200:2935:1850_1920x0_80_0_0_1fd63de516ac14f5c5fc47fede584937.jpg
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. 2023 жылдың шілдесінде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың салымы 18 трлн теңгеге жетті. Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге (немесе 6,4%-ға) артық.Салымшылардың саны жағынан Kaspi.kz көш басында тұр. Бұл банктегі салым көлемі 541,7 миллиард теңгеге өсті.Ranking.kz. сарапшыларының пікірінше, бұл өсім Қазақстандағы басқа банктердің нәтижесінен бірнеше есе артық. Осы жылдың маусым айының соңына қарай жеке тұлғалардың банктегі салымдар портфелі 4,2 триллион теңгеге жетті.Екінші орында Еуразиялық Банк тұр. Бұл банктегі жеке тұлғалардың салымы 155,5 млрд теңгеге өскен. Салымдардың жалпы сомасы – 1 триллион теңге.Үшінші орында – Банк Фридом Финанс банкі. Өсім 134,4 миллиард теңгені құрады, жеке тұлғалардың банктегі салымдарының портфелі 443,7 миллиард теңгеге жетті.Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар.Салымдардың 80%-тен астамы Қазақстанның үздік 5 банкінда сақталған. Бұл – Halyk bank, Kaspi.kz, Отбасы Банкі, Центр Кредит Банкі және Еуразиялық банк.Бір жыл ішінде жеке тұлғалар салымдарының сомасы 4,3 триллион теңгеге (немесе 31,3%-ға) өсті. Жалпы бес жылдық кезеңде бұл сома 2 еседен астам, ал он жыл ішінде 5 есеге жуық өсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_f9cedc453060056455c5389fa030684b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депозит
Жеке тұлғалардың банктегі салымы рекордтық 18 трлн теңгеге жетті
13:43 14.08.2023 (жаңартылды: 13:58 14.08.2023) Салымдардың 80%-тен астамы Қазақстанның үздік 5 банкінда сақталған
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. 2023 жылдың шілдесінде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың салымы 18 трлн теңгеге жетті. Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге (немесе 6,4%-ға) артық.
Салымшылардың саны жағынан Kaspi.kz көш басында тұр. Бұл банктегі салым көлемі 541,7 миллиард теңгеге өсті.
Ranking.kz. сарапшыларының пікірінше, бұл өсім Қазақстандағы басқа банктердің нәтижесінен бірнеше есе артық. Осы жылдың маусым айының соңына қарай жеке тұлғалардың банктегі салымдар портфелі 4,2 триллион теңгеге жетті.
Екінші орында Еуразиялық Банк тұр. Бұл банктегі жеке тұлғалардың салымы 155,5 млрд теңгеге өскен. Салымдардың жалпы сомасы – 1 триллион теңге.
Үшінші орында – Банк Фридом Финанс банкі. Өсім 134,4 миллиард теңгені құрады, жеке тұлғалардың банктегі салымдарының портфелі 443,7 миллиард теңгеге жетті.
"Екінші деңгейлі банктердегі салымдар көлемінің өсуі клиенттер өз қаржысын депозиттерде сақтап, көбейтуге көбірек сенім артады", – деп атап өтті портал сарапшылары.
Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар.
Салымдардың 80%-тен астамы Қазақстанның үздік 5 банкінда сақталған. Бұл – Halyk bank, Kaspi.kz, Отбасы Банкі, Центр Кредит Банкі және Еуразиялық банк.
Бір жыл ішінде жеке тұлғалар салымдарының сомасы 4,3 триллион теңгеге (немесе 31,3%-ға) өсті. Жалпы бес жылдық кезеңде бұл сома 2 еседен астам, ал он жыл ішінде 5 есеге жуық өсті.