"Қазақмыс" жұмысшылары ереуілге шықты

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
Сәтбаев өндірістік алаңының кеншілері мен мердігерлік ұйым қызметкерлері жұмысқа шықпай қойған
АЛМАТЫ, 14 тамыз - Sputnik. Ұлытау облысында "Қазақмыс коропрациясының" жүздеген шахтері ереуілге шықты, деп хабарлайды "Қазақмыс коропрациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бапасөз қызметі.
14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының 65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйым қызметкерлері жұмысқа шықпай қойған. Қазіргі күні ереуілге шыққан жүздеген шахтермен кездесу жүріп жатыр.
"Оқиға орнына "Қазақмыс" басшылығы, прокуратура, ҰҚК қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды. Компания басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақтық жедел штаб жұмыс жасауда", - дейді "Қазақмыс коропрациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бапасөз қызметі.
Компания мамандарының айтуынша, басшылық кез келген диалогқа ашық түрде жауап береді, кездесуден қашпайды. Ал жұмысшы тарап басшылықтан еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп отыр. Онда ақшалай жәрдемақы, демалыс күндері, тау-кен техникалық тозған жабдықтарды жөндеу және медициналық сақтандыру да бар.
Жаңалықтар
0