https://sputnik.kz/20230814/politsiya-zansyz-qaru-zharaqty-satyp-alu-aktsiyasynyn-natizhesin-zhariyalady-37656106.html
Полиция заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясының нәтижесін жариялады
Полиция заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясының нәтижесін жариялады
Sputnik Қазақстан
Сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінген 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T11:53+0500
2023-08-14T11:53+0500
2023-08-14T13:37+0500
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23803599_0:192:723:599_1920x0_80_0_0_7bae95d212388e0e2175540c90b0d720.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қару-жарақты өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акцияның нәтижесін жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, 10 сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Бүгінде осы қаржының басым бөлігі игерілді. Полицияға ерікті түрде 1 181 бірлік қару мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі тапсырылды.Қару-жарақ ең көп тапсырылған өңірлер:Ал Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 60 бірліктен астам қару-жарақ тапсырылды.Ал өтемақының көлемі қарудың техникалық жағдайына қарай 34-345 мың теңге аралығында болады. Оны облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылған комиссиялар анықтайды. Ресми тіркелген немесе криминалдық есепте тұрған, сондай-ақ қолдан жасалған, тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді.Айта кетері, қару-жарақты өз еркімен тапсыру акциясы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Содан бері 56 мыңнан астам қару мен 2 млн астам оқ-дәрі ерікті түрде тапсырылды. Ал қарумен жасалатын қылмыстардың саны екі есеге азайды.
https://sputnik.kz/20230811/taldyqorganda-ozen-zhagasynan-qaru-zharaq-salyngan-qap-tabyldy-37612243.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23803599_0:125:723:667_1920x0_80_0_0_602eb94805a0e5403683d2dadb99eecf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Полиция заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясының нәтижесін жариялады
11:53 14.08.2023 (жаңартылды: 13:37 14.08.2023) Сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінген
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қару-жарақты өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акцияның нәтижесін жариялады, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, 10 сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Бүгінде осы қаржының басым бөлігі игерілді. Полицияға ерікті түрде 1 181 бірлік қару мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі тапсырылды.
Қару-жарақ ең көп тапсырылған өңірлер:
Түркістан облысы – 187 бірлік;
Жамбыл облысы – 134 бірлік;
Қызылорда облысы – 94 бірлік.
Ал Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 60 бірліктен астам қару-жарақ тапсырылды.
"Заңсыз сақталған қару-жарақтың өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекетiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", - деді Ыдырысов бүгінгі онлайн брифингте.
Ал өтемақының көлемі қарудың техникалық жағдайына қарай 34-345 мың теңге аралығында болады. Оны облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылған комиссиялар анықтайды. Ресми тіркелген немесе криминалдық есепте тұрған, сондай-ақ қолдан жасалған, тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді.
Айта кетері, қару-жарақты өз еркімен тапсыру акциясы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Содан бері 56 мыңнан астам қару мен 2 млн астам оқ-дәрі ерікті түрде тапсырылды. Ал қарумен жасалатын қылмыстардың саны екі есеге азайды.