Оңтүстік Корея билігінен қашқан қазақстандықтар отанына оралады - СІМ

© AFP 2024 / JUNG YEON-JEФлаг Южной Кореи
Флаг Южной Кореи - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
Министрліктің мәліметінше, жастар айыппұл төлеген және Қазақстанға келгеннен кейін жауапкершілікке тартылмайды
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Кореяда депортациядан қашқан екі қазақстандық отанына оралады, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Сот шешімі жарияланғаннан кейін олар айыппұл төледі. Жақын арада (олар) билет сатып алып, отанына оралады", - деп түсіндірді Смадияров дүйсенбіде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен брифингте.
Қазақстандықтардың адвокаттары мен консул мәселені шешуге барынша күш салды және осы жағдайға адамгершілікпен қарағаны үшін корей тарапына ризашылықтарын білдірді, деп қосты Смадияров.
"Олар жазаланды. Менің ойымша, жастар бәрін түсінді. Бұл жағдай басқа азаматтарға да сабақ болды. Себебі Оңтүстік Кореяға барғысы келген қарапайым туристер мен студенттерге кесірі тиді", - деп атап өтті спикер.
28 наурызда 21 және 18 жастағы екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға Өзбекстаннан ұшып барған, бірақ құжаттардағы қателікке байланысты оларға елге кіруге рұқсат етілмей, депортация залына жіберілген.
Онда олар әуежайдың ұшу-қону жолағының жанындағы қоршаудан өтіп, қаша бастаған. Олардың біреуін жергілікті полиция ұстады. Оңтүстік Кореяда екіншісін ұстағаны үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынылды. Оларға түрмеде отыру қаупі төнді.
Жаңалықтар
0