НАТО-ның әскери жаттығуларының мақсаты қандай

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
Румынияның Бабадаг полигонында Люксембург пен Франциядан сарбаздарының қатысуымен Солтүстік Атлантикалық альянстың әскери жаттығулары бүгін басталады, деп жазды РИА Новости.
Жалпы кез келген маневрлердің мақсаты жауынгерлік үйлестіруді жақсарту ғана емес, сонымен бірге ықтимал жауды таңғалдыру болғандықтан, бұл әскери іс-шараны Ресей армиясына арналып отырғанын аңғару қиын емес. Себебі жақында бейіндік басылым хабарлағандай, Ресей атыс күші мен жауынгерлік қабілеті бойынша әлемде екінші орында тұрған ел.
"Егер Люксембург Ресейді әскери додаға тартып жатса, онда НАТО-ның Еуропадағы саясаты бүгінде қандай екенін қарастыратын кез келді. НАТО билігінің "шығысқа қарай кеңеймеуге" уәде беріп, оны қалай орындамағаны белгілі. Ол кезде бұл әлеуетті стратегиялық қарсыласты шатастыру үшін қажет болатын. Бірақ бүгінде НАТО мұндай әдісті өзі қолдайтын, көмектесетін және сол елдер ойлағандай өздерін "диктаторлардан" қорғайтын одақтастарымен қарым-қатынаста да қолданатыны белгілі болды", - деп жазылған материалда.
Басталған НАТО маневрлерінде Румыния жетекшілік етеді деп айтылғанымен, бұл жай көрініс. Себебі НАТО-ға мемлекеттер АҚШ-тың "қамқорлығында" болу үшін кіреді. Вашингтонға осы керек. Бұл туралы экономика саласының профессоры Джеффри Сакс ашық айтты.
Сакс біріншіден, "АҚШ Украинаны өз олжасы деп санайтынын" айтты. Ол осы мемлекеттік "екінші Ауғанстанға айналдыру" көзделіп отырғанын мәлімдеді.
Материалда жазылғандай, Украинаның батыстықтардың олжасы екені жасырын емес. Бірақ оны "екінші Ауғанстан" ету назар аударуға тұрарлық мәлімдеме. Қанша күтпеген пікір болса да, қазіргі ахуалға қарағанда, бұл дәл айтылған ақиқат секілді.
22 жыл бұрын коалиция Ауғанстандағы жағдайды реттеуге аттанып, ол елде демократияны күштеп енгізуге тырысқаны әлі ұмытылған жоқ. Демократия орнату мақсатында авиабомбалаушы ұшақтар мен қарқынды артиллериялық оқ атулар салдарынан қаншама адам қырғын болды. БАҚ-та америкалықтардың ауған жеріндегі той, ауылдағы мереке, шеру сынды бейбіт тұрғындар жиналған іс-шараларды да бомбалағаны туралы ақпарат тарады.
Жиырма жыл бойы батыстық үдеріс пен "құндылықтарға" мәжбүрлеудің соңы ақырында әскери-саяси былыққа әкелді. Батыс қаражатына күнелтіп келген билік бұл іс-шараның аяқталуы жақындаған кезде елден эвакуацияланды. Мұныңс барлығы қарсыласты жете бағаламаудың салдарынан болды.
Қазіргі дағдарыс жағдайында Америка мен оның Еуропадағы одақтастары тура сол жағдайға тап болып отыр. Украинаға қатысты жоспардың барлығы баяғы матрицаға, әлеуетті қарсылас - Ресейді жете бағаламауға кеп тірелді. Ресей қоғамы мен оның құндылықтарын ғайбаттап, оны әлемге тек теріс жағынан насихаттау жүргізілді. Бірақ жеме-жемге келгенде саяси, әскери, экономика, тіпті майдан даласында да бірінен кейін бірі жеңіліп жатыр.
"Ерте ме, кеш пе, "Леопардтар", "Брэдли", "Абрамстар" және "Пэтриоттарды" тастап, НАТО-ға Украинада кетуге тура келеді. Батыстағылар украин жерінен кеткеннен кейін олардың артында қирандыға айналған мемлекет қалады", - деп жазылған материалда.
Сондықтан Сакс айтқандай Украинаның "екінші Ауғанстанға айналатын" болашағы алыста емес. Бұл туралы Ресей "Ауғанстан" сөзін қолданбастан бірнеше рет ескерткен болатын. Ендігі ретте НАТО-ның бұл жоспары да анықталып, Украинаны қандай болашақ күтіп тұрғаны да белгілі. Дегенмен өзге елдің мүддесін қорғауды сылтау етіп, мүлде басқа мақсатты көздеген бұл іс-қимылдардың қалай аяқталатыны белгілі еді. Өйткені батыстықтардың мәжбүрлеп өз дегенін жүргізуге бағытталған әрекеті тарихта тек сәтсіздіктермен таңбаланып жатыр.
Жаңалықтар
0