https://sputnik.kz/20230814/ministrlik-qaytys-bolgan-ormanshylardyn-otbasyna-beriletin-tolemaqy-kolemin-zhariyalady-37656307.html
Министрлік қайтыс болған орманшылардың отбасына берілетін төлемақы көлемін жариялады
Министрлік қайтыс болған орманшылардың отбасына берілетін төлемақы көлемін жариялады
Sputnik Қазақстан
Төлемдерді әрбір отбасы мүшесі алады 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T12:16+0500
2023-08-14T12:16+0500
2023-08-14T12:16+0500
орманшы
төлемақы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/09/30203289_0:201:3072:1929_1920x0_80_0_0_6ef3692576d207957d75984fde2454ed.jpg
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына ақшалай төлемдер беріледі, тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.Орманшылардың отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алынған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.Бұл ретте отбасының барлық мүшесі үшін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100%-інен аспауы керек.Жоба 2023 жылдың 28 тамызына дейін қоғамдық талқылауда болады.Еске салсақ, 8 маусымда Абай ауданында өрт шығып, ол 0,3 гектардан 60 мың гектарға дейін тарады. Өрт кезінде "Семей орманы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жаңа Шүлбі филиалының 14 қызметкері қаза тауып, кейінірек орман шаруашылығының тағы бір қызметкерінің денесі табылды. Өрт төтенше жағдайлар саласындағы бірқатар жүйелі проблемаларды, атап айтқанда, ескі техника, ыңғайсыз киім және тағы басқа мәселені әшкереледі, деді депутаттар.Бұған дейін экология министрлігі Қазақстандағы штаттан тыс орманшылардың жалақысы қандай болатынын жариялады.1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау қызметінің жұмысшылары лауазымдық жалақысына 100% үстемеақы алды.
https://sputnik.kz/20230613/qaza-tapqan-ormanshylardardyn-otbasylaryna-7-mln-tengeden-tolenedi-35886395.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/09/30203289_184:0:2915:2048_1920x0_80_0_0_f45a08f3863167bb39b2adf9ddac01fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орманшы, төлемақы
Министрлік қайтыс болған орманшылардың отбасына берілетін төлемақы көлемін жариялады
Төлемдерді әрбір отбасы мүшесі алады
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына ақшалай төлемдер беріледі, тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін
"Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
"Қайтыс болған мемлекеттiк орман күзетi қызметкерiнiң әрбiр отбасы мүшесiне ақшалай төлем соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай жалақысының 40%-і мөлшерiнде беріледі", - деп жазылған құжатта.
Орманшылардың отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алынған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.
Бұл ретте отбасының барлық мүшесі үшін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100%-інен аспауы керек.
Жоба 2023 жылдың 28 тамызына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Еске салсақ, 8 маусымда Абай ауданында өрт шығып, ол 0,3 гектардан 60 мың гектарға дейін тарады. Өрт кезінде "Семей орманы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жаңа Шүлбі филиалының 14 қызметкері қаза тауып, кейінірек орман шаруашылығының тағы бір қызметкерінің денесі табылды. Өрт төтенше жағдайлар саласындағы бірқатар жүйелі проблемаларды, атап айтқанда, ескі техника, ыңғайсыз киім және тағы басқа мәселені әшкереледі, деді депутаттар.
Бұған дейін экология министрлігі Қазақстандағы штаттан тыс орманшылардың жалақысы қандай болатынын жариялады.
1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау қызметінің жұмысшылары лауазымдық жалақысына 100% үстемеақы алды.