"Мальва" доңғалақты гаубицасы "Армия" форумында алғаш рет таныстырылады

© Photo "Мальва" гаубицасы
 Мальва гаубицасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. 14-20 тамыз аралығында Ресейдің Кубинка қаласында өтетін "Армия-2023" халықаралық форумында ресейлік 152 мм калибрлі "Мальва" артиллериялық қондырғысы алғаш рет таныстырылады.
Бұл туралы дүйсенбіде "Ростех" мемлекеттік корпорациясының өкілдері мәлімдеді.
"Алғаш рет "Мальва" доңғалақты гаубицасы қалың жұртшылыққа таныстырылады, оны мемлекеттік корпорация жаппай өндіре бастады", - деп атап өтті "Ростех".
Мемлекеттік корпорацияның өндіріс орындарында қондырғыларды өндіру ісі сәтті жолға қойылған.
"Малва" 152 мм өздігінен жүретін артиллериялық қаруы – 8х8 доңғалақты формуласы бар БАЗ шассиі негізінде жасалған. Артиллериялық қондырғы командалық пункттерді, қорғаныс құрылымдарын, артиллерияны, зымыран және миномет батареяларын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, броньды техниканың колонналарын және қарсыластың адам күшін жоюға арналған.
Мәскеу түбіндегі Кубинкадағы "Патриот" саябағында 14-20 тамыз аралығында "Армия" халықаралық әскери-техникалық форумы өтеді.
Жаңалықтар
0