https://sputnik.kz/20230814/maek-tegi-apat-mangystauda-eldi-mekender-3-5-sagatqa-elektr-zharygynan-azhyratylady-37649574.html
МАЭК-тегі апат: Маңғыстауда елді мекендер 3-5 сағатқа электр жарығынан ажыратылады
МАЭК-тегі апат: Маңғыстауда елді мекендер 3-5 сағатқа электр жарығынан ажыратылады
Sputnik Қазақстан
Облыс тұрғындары 3-5 сағатқа электр желісінен ажыратылатын аймақтарға бөлінеді. Қазір МАЭК-те екі энергоблок жұмыс істемей тұр 14.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-14T09:36+0500
2023-08-14T09:36+0500
2023-08-14T09:36+0500
маңғыстау облысы
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071521_0:210:3067:1935_1920x0_80_0_0_7516fae0790a5db97622856d2307c359.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында Маңғыстау атом энергетика комбинатында (МАЭК) екі энергоблоктың істен шығуына байланысты бірқатар елді мекенде электр қуатын уақытша өшіру әдісі қолданылады, деп хабарлады облыстың қоғамдық коммуникациялар орталығы.Облыста мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды. Тамыздың 13-нен 14-не қараған түні жедел штаб бірінші санаттағы нысандарды (әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары) электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.Облыстың елді мекендерінде электр қуатын біркелкі қосу үшін тұтынушыларды жарық көзінен уақытша өшіру туралы шешім қабылданды. Аймақтарға бөле отырып, оларды 3-5 сағатқа электр энергиясынан ажыратады.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071521_336:0:3067:2048_1920x0_80_0_0_df5a0f07fb3410184363e8d352129b8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, электр энергиясы
маңғыстау облысы, электр энергиясы
МАЭК-тегі апат: Маңғыстауда елді мекендер 3-5 сағатқа электр жарығынан ажыратылады
Облыс тұрғындары 3-5 сағатқа электр желісінен ажыратылатын аймақтарға бөлінеді. Қазір МАЭК-те екі энергоблок жұмыс істемей тұр
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында Маңғыстау атом энергетика комбинатында (МАЭК) екі энергоблоктың істен шығуына байланысты бірқатар елді мекенде электр қуатын уақытша өшіру әдісі қолданылады, деп хабарлады облыстың қоғамдық коммуникациялар орталығы.
"13 тамызда №3 энергоблокты апатты жөндеуге және № 1 энергоблокты мәжбүрлеп сөндіруге байланысты Kegoc ұлттық диспетчерлік орталығының бұйрығымен "МАЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестік электр станциясында электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Облыста мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды. Тамыздың 13-нен 14-не қараған түні жедел штаб бірінші санаттағы нысандарды (әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары) электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Облыстың елді мекендерінде электр қуатын біркелкі қосу үшін тұтынушыларды жарық көзінен уақытша өшіру туралы шешім қабылданды. Аймақтарға бөле отырып, оларды 3-5 сағатқа электр энергиясынан ажыратады.