Абай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті

© Photo : Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментіАбай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті
Абай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
Дауыл қазандық ғимаратының да шатырын қиратып, құбырын құлатқан
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Абай облысы Бородулиха ауданы Песчанка ауылында қатты соққан дауыл мектеп шатырын жұлып кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 11 тамызда болған.
"Қатты екпінді желдің салдарынан "Песчанка орта мектебі" КММ ғимаратының шатыры жұлынып кетті. Шатырдың төбесі төрт қабатты, ағаш тақтайшадан жасалған, жалпы ауданы 2898 м2", - дейді ведомство.
Дауыл қазандық ғимаратының да шатырын қиратқан. Сондай-ақ қазандықтың құбыры құлаған. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сильный ветер ломал деревья и обрывал провода в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2023
Батыс Қазақстанда қатты дауыл үйдің шатырын жұлып кетті
Жаңалықтар
0