https://sputnik.kz/20230813/zhylyzhay-kolemi-232-gektarga-qysqardy--ukimette-sebebi-aytyldy-37631692.html
Жылыжай көлемі 232 гектарға қысқарды – үкіметте себебі айтылды
Жылыжай көлемі 232 гектарға қысқарды – үкіметте себебі айтылды
Sputnik Қазақстан
Маусымаралық кезеңде электр энергиясы, газ, көмір шығындарын субсидиялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр 13.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-13T10:03+0500
2023-08-13T10:03+0500
2023-08-13T10:03+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/387/92/3879255_0:194:2017:1328_1920x0_80_0_0_7d0d5d6cc3f3512601a8f8acb338609c.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жылыжай көлемі өткен жылдың қорытындысына сәйкес 232,3 гектарға қысқарып, 1,2 мың гектарды құрады. Бұл туралы жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған отырыста айтылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, жылыжай аумағының қысқаруына өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы және бизнестің төмен рентабельділігі себеп болған.Ол маусымаралық кезеңде электр энергиясы, газ, көмір шығындарын субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.Ереженің жобасын қыркүйек айының соңына дейін бекіту жоспарланған.Бұдан басқа, жабық топырақта өсірілген көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту мақсатында тыңайтқыштар (органикалық дақылдарды қоспағанда), пестицидтер, биоагенттер мен биопрепараттардың құнын субсидиялау, суармалы су, қияр және қызанақ тұқымдарын беру арқылы мемлекеттік қолдау жалғасады.Бүгінде жылыжайлардың негізгі бөлігі Түркістан облысында – 824,2 га, Алматы облысында – 79 га, Қарағанды облысында – 43 га, Шымкентте – 139,2 га көлемінде шоғырланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/387/92/3879255_0:0:1775:1331_1920x0_80_0_0_b852929c75cfb0aaa4b88d3cad2b3cf6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Жылыжай көлемі 232 гектарға қысқарды – үкіметте себебі айтылды
Маусымаралық кезеңде электр энергиясы, газ, көмір шығындарын субсидиялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жылыжай көлемі өткен жылдың қорытындысына сәйкес 232,3 гектарға қысқарып, 1,2 мың гектарды құрады. Бұл туралы жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған отырыста айтылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, жылыжай аумағының қысқаруына өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы және бизнестің төмен рентабельділігі себеп болған.
Ол маусымаралық кезеңде электр энергиясы, газ, көмір шығындарын субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Жақын арада инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ереженің жобасын қыркүйек айының соңына дейін бекіту жоспарланған.
Бұдан басқа, жабық топырақта өсірілген көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту мақсатында тыңайтқыштар (органикалық дақылдарды қоспағанда), пестицидтер, биоагенттер мен биопрепараттардың құнын субсидиялау, суармалы су, қияр және қызанақ тұқымдарын беру арқылы мемлекеттік қолдау жалғасады.
Бүгінде жылыжайлардың негізгі бөлігі Түркістан облысында – 824,2 га, Алматы облысында – 79 га, Қарағанды облысында – 43 га, Шымкентте – 139,2 га көлемінде шоғырланған.