https://sputnik.kz/20230813/qyzylorda-oblysynda-3-mynga-zhuyq-otbasy-baspanaly-bolady-37624671.html
Қызылорда облысында 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
Қызылорда облысында 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
Sputnik Қазақстан
Биыл 93 мың шаршы метр, яғни 1430 пәтер халық игілігіне табысталады 13.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-13T08:17+0500
2023-08-13T08:17+0500
2023-08-13T08:17+0500
қызылорда облысы
баспана
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың V сессиясында айтты, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға 1000 пәтер сатып алуға (600 пәтер Қызылорда қаласында, 400 пәтер аудандарда) республикалық бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінді.Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстары атқарылып жатыр (230 елді мекеннің 198-і су жүйесіне қосылған).Өткен жылы 6 ауыл "көгілдір отынға" қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл тағы да 12 елді мекенге табиғи газ тартылып, газдандыру деңгейі 75 пайыз болады.Жергілікті маңызы бар 366 шақырым автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі өткен жылы 82 пайызды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 87 пайызға жеткізілмек.Бүгінде Қызылорда қаласында 141 шақырым көшені жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, баспана
қызылорда облысы, баспана
Қызылорда облысында 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
Биыл 93 мың шаршы метр, яғни 1430 пәтер халық игілігіне табысталады
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың V сессиясында айтты, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қазір облыс көлемінде 31,4 млрд теңгеге 130 мың шаршы метр болатын 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 30 үй (93 мың шаршы метр, 1430 пәтер) халық игілігіне табысталады", - деді аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға 1000 пәтер сатып алуға (600 пәтер Қызылорда қаласында, 400 пәтер аудандарда) республикалық бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінді.
Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстары атқарылып жатыр (230 елді мекеннің 198-і су жүйесіне қосылған).
Өткен жылы 6 ауыл "көгілдір отынға" қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл тағы да 12 елді мекенге табиғи газ тартылып, газдандыру деңгейі 75 пайыз болады.
Жергілікті маңызы бар 366 шақырым автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі өткен жылы 82 пайызды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 87 пайызға жеткізілмек.
Бүгінде Қызылорда қаласында 141 шақырым көшені жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.