Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге қандай есімдер жиі қойылады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуВрач кормит ребенка в родильном отделении
Врач кормит ребенка в родильном отделении - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2023
Жазылу
Маусым айында ұлдар мен қыздарға қойылған үздік 10 есім белгілі болды
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Қазақстандықтар маусым айында жаңа туған сәбилеріне Әлихан мен Медина есімдерін жиі қойған, деп жазады Бірінші кредит бюросы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың маусымында ұл балаларға қойылған ең танымал 10 есім мыналар:
Әлихан – 298;
Алдияр – 262;
Әмір – 240;
Омар – 233;
Алан – 227;
Айсұлтан – 208;
Мұхаммед – 188;
Нұрислам – 182;
Хамза – 180;
Әли – 171.
Сарапшылар екі жылда көп нәрсе өзгергенін айтады. Алдияр, Әмір және Омар есімдері рейтингте төменнен жоғарыға қарай көтерілді. Ал үздік үштікке енген Нұрислам мен Айсұлтан қазір үздік бестікке де кірмейді.
Әлинұр мен Әміре есімдері тізімнен мүлде жоғалып кетті, бірақ есесіне Мұхаммед пен Хамза есімдері пайда болып, соңғы айларда екеуіне де "сұраныс" артып келеді.
Әлихан есімі бұрынғыдай көш бастап тұр.
Ал қыздарға ең жиі қойылған 10 есім мыналар:
Медина – 551;
Айлин - 482;
Айша – 452;
Асылым – 440;
Томирис - 305;
Сафия – 284;
Раяна - 283;
Айым – 266;
Әмина – 257;
Аяла - 246.
Екі жыл бұрынғыдай, рейтингтің жоғарғы қатарында Медина мен Айлин есімдері, аяқ жағында Айым мен Әмина тұр.
Бірақ рейтингте біраз өзгеріс те бар. Айша есімінің танымалдығы арта түсіп, қазір үздік үштікті тұйықтайды. Ал екі жыл бұрын бұл есім тізімде төртінші орында болды. Томирис есімі бірден оныншы орыннан бесінші орынға көтерілді.
Сонымен қатар Раяна мен Аяла есімдері қыздарға сирек қойыла бастады. Айзере тізімнен мүлде жоғалып кетті. Оның орнына Сафия есімі пайда болды.
Жалпы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келді: 98 мың ұл бала, 91,5 мың қыз бала. Бір жыл ішінде жаңа туған нәрестелер санының төмендеуі 4,3% (8,6 мың), екі жылда 12,3% (26,7 мың) құрады.
Сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2019
Қоғам
Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?
Жаңалықтар
0