https://sputnik.kz/20230813/mashur-zhusiptin-165-zhyldyq-mereytoyy-atalyp-otti-37633262.html
Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдық мерейтойы аталып өтті
Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдық мерейтойы аталып өтті
Sputnik Қазақстан
Қонақтар үшін айтыс, ұлттық спорт түрлері "Көкпар", "Бәйге" жарыстары, қолөнершілердің мерекелік саудасы ұйымдастырылды. Мерекеге барлығы 20 мыңнан астам адам... 13.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-13T11:28+0500
2023-08-13T11:28+0500
2023-08-13T11:28+0500
павлодар облысы
мәшһүр-жүсіп көпейұлы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0d/37625370_0:11:1466:836_1920x0_80_0_0_9196fe3143dcd0c9dfb7d6458913a5fa.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.Ұлы ақын, тарихшы, этнографтың туған жері Баянауыл ауданында 100-ден астам киіз үй тігілді. Киіз үйден тұрғызылған этноауыл Ескелді шатқалында орналасты.Халықтық мерекелер 2006 жылы салынған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесене кешенінде құран бағыштағаннан кейін басталды. Мерекеге облыс әкімі Асайын Байханов, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, зиялы қауым өкілдері және өңірдің ғылыми қоғамдастығы қатысты.Қазақ ойшылының мерейтойына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып, атап өтті. Ерлан Қошанов мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, аймақ тұрғындарын айтулы датамен құттықтады.Мереке қонақтары үшін айтыс, ұлттық спорт түрлері "Көкпар", "Бәйге" жарыстары, қолөнершілердің мерекелік саудасы және т.б. ұйымдастырылды. Мерекеге барлығы 20 мыңнан астам адам жиналды.Мәшһүр Жүсіп Көпеев - 1858 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген ақын, жазушы, философ және қазақ фольклорының білгірі. 1870 жылы Бұхара медресесінде білім алды. 1875 жылдан бастап ауылда мұғалім болып жұмыс істеп, публицистикалық қызметпен белсенді айналысты. Араб және парсы тілдерін жақсы білуінің арқасында Шығыс поэзиясын терең зерттеді. 1887-1890 жылдары Орта Азия халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу мақсатында Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан қалаларында болды. Мәшһүр Жүсіп қазақтардың ауызша халық шығармашылығының көптеген үлгісін жинақтап, жариялады.
https://sputnik.kz/20200715/Mashur-Zhusip-zirat-14481115.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0d/37625370_169:0:1297:846_1920x0_80_0_0_3e2f2f0601e836d3130033f223c218f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, мәшһүр-жүсіп көпейұлы
павлодар облысы, мәшһүр-жүсіп көпейұлы
Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдық мерейтойы аталып өтті
Қонақтар үшін айтыс, ұлттық спорт түрлері "Көкпар", "Бәйге" жарыстары, қолөнершілердің мерекелік саудасы ұйымдастырылды. Мерекеге барлығы 20 мыңнан астам адам жиналды
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Ұлы ақын, тарихшы, этнографтың туған жері Баянауыл ауданында 100-ден астам киіз үй тігілді. Киіз үйден тұрғызылған этноауыл Ескелді шатқалында орналасты.
Халықтық мерекелер 2006 жылы салынған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесене кешенінде құран бағыштағаннан кейін басталды. Мерекеге облыс әкімі Асайын Байханов, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, зиялы қауым өкілдері және өңірдің ғылыми қоғамдастығы қатысты.
Қазақ ойшылының мерейтойына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып, атап өтті. Ерлан Қошанов мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, аймақ тұрғындарын айтулы датамен құттықтады.
Мереке қонақтары үшін айтыс, ұлттық спорт түрлері "Көкпар", "Бәйге" жарыстары, қолөнершілердің мерекелік саудасы және т.б. ұйымдастырылды. Мерекеге барлығы 20 мыңнан астам адам жиналды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев - 1858 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген ақын, жазушы, философ және қазақ фольклорының білгірі. 1870 жылы Бұхара медресесінде білім алды. 1875 жылдан бастап ауылда мұғалім болып жұмыс істеп, публицистикалық қызметпен белсенді айналысты. Араб және парсы тілдерін жақсы білуінің арқасында Шығыс поэзиясын терең зерттеді. 1887-1890 жылдары Орта Азия халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу мақсатында Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан қалаларында болды. Мәшһүр Жүсіп қазақтардың ауызша халық шығармашылығының көптеген үлгісін жинақтап, жариялады.