https://sputnik.kz/20230813/aqtobede-ort-shyqqan-kopqabatty-uyden-44-adam-evakuatsiyalandy-37640157.html
Ақтөбеде өрт шыққан көпқабатты үйден 44 адам эвакуацияланды
Ақтөбеде өрт шыққан көпқабатты үйден 44 адам эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ 13.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-13T16:25+0500
2023-08-13T16:25+0500
2023-08-13T16:25+0500
ақтөбе
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31942305_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_5229b238d6502153c08dd8d739a4bca2.jpg
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері тұрғын үйден 44 адамды эвакуациялады. Бұл туралы аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады."Бүгін сағат 13:22-де 101 пультіне Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтердегі тұрмыстық заттар өртенді", - деп жазылған хабарламада.Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер құтқаруға арналған бас киімдердің көмегімен 4 адамды шығарды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт сағат 13.47-де сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.Өртті сөндіруге 26 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек оқиға орнында апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы да болды.Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
https://sputnik.kz/20230804/aqkenttegi-ort-darigerler-zardap-shekkenderdin-zhagdayy-turaly-aqparat-zhariyalady-37283085.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31942305_70:0:1210:855_1920x0_80_0_0_770b880bbc0b2cdfbef118826914055b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, өрт
Ақтөбеде өрт шыққан көпқабатты үйден 44 адам эвакуацияланды
Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері тұрғын үйден 44 адамды эвакуациялады. Бұл туралы аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін сағат 13:22-де 101 пультіне Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтердегі тұрмыстық заттар өртенді", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер құтқаруға арналған бас киімдердің көмегімен 4 адамды шығарды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт сағат 13.47-де сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 26 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек оқиға орнында апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы да болды.
Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.