https://sputnik.kz/20230812/qazaqstan-qytaydyn-sudy-unemdeu-tazhiribesin-zertteydi-37621902.html
Қазақстан Қытайдың суды үнемдеу тәжірибесін зерттейді
Қазақстан Қытайдың суды үнемдеу тәжірибесін зерттейді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда су жеткілікті, бірақ оны үнемдей алмаймыз, деген пікір айтты вице-премьер Жұманғарин 12.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-12T14:45+0500
2023-08-12T14:45+0500
2023-08-12T14:51+0500
қазақстан
қытай
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_edc9a4ae59e2946665c8559f67bb0e07.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Сауда министрлігінің өкілдері Қытайға сапары барысында қытайлық суды үнемдеу технологияларын зерделеу жоспарлап отыр, деді ведомство басшысы, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023-2026 жылдарға арналған суды тиімді пайдалану жобасын әзірледі. Ол еріген суды жинауға арналған нысандар салу, мемлекетаралық арналардың учаскелерін реконструкциялау және жаңғырту және тағы басқа жобаларды қамтиды. Ол сондай-ақ агенттік Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту үшін қытайлық инвесторларды тартпақшы екенін атап өтті. Қытайға жұмыс сапары келесі аптада басталады. Сапар барысында 4 қалаға, атап айтқанда, Шэньчжэнь, Цзинань, Бейжің және Үрімшіге бару жоспарланып отыр. "Шаньдун провинциясының партия комитетінің хатшысы Линь Умен, ШҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжумен, ірі бизнесмендермен, соның ішінде жақында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойған Hualing Group басшылығымен кездесулер өткізу жоспарланып отыр", - деп жазды Жұманғарин.
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_1ffebad5eba6cf473df3b2e4fcb2be87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай
Қазақстан Қытайдың суды үнемдеу тәжірибесін зерттейді
14:45 12.08.2023 (жаңартылды: 14:51 12.08.2023) Қазақстанда су жеткілікті, бірақ оны үнемдей алмаймыз, деген пікір айтты вице-премьер Жұманғарин
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Сауда министрлігінің өкілдері Қытайға сапары барысында қытайлық суды үнемдеу технологияларын зерделеу жоспарлап отыр, деді ведомство басшысы, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.
"Табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қытай су үнемдеу технологиялары бойынша көптеген құнды тәжірибе жинақтаған. Олардың тәжірибесі ауыл шаруашылығы саласында су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін үлкен жұмысты бастау үшін қажет. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда су жеткілікті, бірақ біз оны үнемдей алмаймыз. Осы және мен басқа да мәселелерді ШҰАА басшысымен кездесуде талқылауды жоспарлап отырмын", - деді Серік Жұманғарин.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023-2026 жылдарға арналған суды тиімді пайдалану жобасын әзірледі. Ол еріген суды жинауға арналған нысандар салу, мемлекетаралық арналардың учаскелерін реконструкциялау және жаңғырту және тағы басқа жобаларды қамтиды.
Ол сондай-ақ агенттік Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту үшін қытайлық инвесторларды тартпақшы екенін атап өтті. Қытайға жұмыс сапары келесі аптада басталады. Сапар барысында 4 қалаға, атап айтқанда, Шэньчжэнь, Цзинань, Бейжің және Үрімшіге бару жоспарланып отыр.
"Шаньдун провинциясының партия комитетінің хатшысы Линь Умен, ШҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжумен, ірі бизнесмендермен, соның ішінде жақында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойған Hualing Group басшылығымен кездесулер өткізу жоспарланып отыр", - деп жазды Жұманғарин.