Павлодар маңында көлік жылқыларға соқтығысты

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуТабун лошадей
Табун лошадей - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Павлодар маңында шетелдік көлік жол бойында жайылып жүрген жылқыларға соқтығысты. Алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 10 тамыз күні сағат 23:45-те Ленин – Курчатов тас жолының жетінші шақырымында болған.
"Nissan Cefiro жүргізушісі екі жылқымен соқтығысқан. Жануарлар жол бойында қараусыз жайылып жүрген. Оқиға салдарынан үш бала мен үш ересек дене жарақатымен Павлодар ауруханасына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы төрт, бес және тоғыз жастағы үш ұл бала, 35 және 69 жастағы әйелдер мен 33 жастағы ер адам зардап шеккенін хабарлаған.
Жылқылардың иесі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 408-бабының екінші бөлігі – "Жеке тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге әкелген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 10 АЕК, яғни 34 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек.
Жаңалықтар
0