Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен қарасора плантациясы анықталды

© Photo : Қазақстанның қорғаныс министрлігіҰшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен қарасора плантациясы анықталды
Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен қарасора плантациясы анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Қарулы күштердің әскери қызметшілері ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен қарасора плантацияларын анықтады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Sky lark ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен Жамбыл облысында қарасора өсіретін жерді анықтады.
Тұрғын үйлердің бірінен қарапайым үй бақшасына ұқсамайтын жерді тапты.
"Плантация тормен жабылғандықтан оны анықтау қиынға соқты. Дәлірек ақпарат жинау үшін біз аппаратты 250-ден 150 метрге дейін төмендеттік, суретке түсірдік және учаскенің координаттарын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бердік", - дейді ҰҰА есептобының командирі аға лейтенант Бауыржан Атымтаев.
Деректерді алған ІІМ мамандары мен әскери қызметшілер аумақты және шаруашылық құрылыстарды тінтіп, үй иесінен қарасораны тәркілеген.
Бұл құрылғылар қарасора өсірілетін және оның заңсыз дайындайтын жетуі қиын құмды аймақты зерттеуге мүмкіндік береді. Биыл ұшқышсыз құрылғының көмегімен дәл осындай үш орын анықталған.
Жаңалықтар
0