https://sputnik.kz/20230811/reseydin-luna-25-ushyrylymy-turaly-sarapshy-pikiri---video-37610274.html
Ресейдің "Луна-25" ұшырылымы туралы сарапшы пікірі - видео
Ресейдің "Луна-25" ұшырылымы туралы сарапшы пікірі - видео
Sputnik Қазақстан
Ресей ғылым академиясы ғарыштық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Натан Эйсмонт сұхбатында 50 жылда алғаш рет Ресейдің Айға ұшудағы мақсаты... 11.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-11T19:01+0500
2023-08-11T19:01+0500
2023-08-11T19:01+0500
видео
ай
ғарыш
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0b/37601299_0:320:3071:2048_1920x0_80_0_0_7c9aaeb0298b8e4d147c66bf2c3db22d.jpg
Ресей Айдың полярлық аймағына барған алғашқы ел болуы мүмкін, өйткені басқа елдердің Айға осы уақытқа дейінгі сапарлары сәтсіз аяқталды.Натан Эйсмонт: "Бұл бағдарламаның соңғы кезеңіне жеткенде біз талай жылдан бергі келе жатқан сұрағымызға жауап ала аламыз. Эволюцияның қалай дамығанын білетін боламыз. Бұдан да бөлек қызықты деректерге қол жеткізуіміз мүмкін ", - деді Натан Эйсмонт.Сарапшы "бұл өте жақсы технологиялық нәтиже болады және жалпы Күн жүйесінің эволюциялық процестері мен Жер - Ай жұптарының қалай дамығанын түсінуге мүмкіндік береді" деп үміттенеді.Ол келесі "Луна - 26" ұшырылымы 2025 жылға жоспарланғанын еске салды.Сұхбатында Натан Эйсмонт жарты ғасырға жуық Ресейдің Айға алғашқы миссиясы туралы, сондай-ақ айдың полярлық аймағына қонуы керек "Луна-25" автоматты планетааралық станциясы туралы көбірек айтты.Сонымен қатар ол осы экспедицияның негізгі мақсаттарына тоқталды.Айта кетейік, 11 тамызда Ресейдің "Луна-25" автоматты ғарыш станциясы ұшу жолына шықты."Союз 2.1 б" зымыраны Астана уақытымен сағат 5.11-де Восточный ғарыш айлағынан ұшырылды. 9 минуттан кейін "Луна-25" станциясы бар "Фрегат" үдеткіш блогы зымыранның үшінші сатысынан бөлініп, жер орбитасына шықты."Луна-25" күрделі рельефі бар айдың оңтүстік полюсі аймағына жұмсақ қонатын алғашқы станция болуы керек.Алдыңғы станция "Луна-24" 1976 жылы Байқоңырдан ұшырылды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0b/37601299_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_4d0949fa9d3e89ab577b6d200dc67d6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ай, ғарыш, ресей, видео
Ресейдің "Луна-25" ұшырылымы туралы сарапшы пікірі - видео
Ресей ғылым академиясы ғарыштық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Натан Эйсмонт сұхбатында 50 жылда алғаш рет Ресейдің Айға ұшудағы мақсаты туралы айтты. Толығырақ - видеода.
Ресей Айдың полярлық аймағына барған алғашқы ел болуы мүмкін, өйткені басқа елдердің Айға осы уақытқа дейінгі сапарлары сәтсіз аяқталды.
Натан Эйсмонт: "Бұл бағдарламаның соңғы кезеңіне жеткенде біз талай жылдан бергі келе жатқан сұрағымызға жауап ала аламыз. Эволюцияның қалай дамығанын білетін боламыз. Бұдан да бөлек қызықты деректерге қол жеткізуіміз мүмкін ", - деді Натан Эйсмонт.
Сарапшы "бұл өте жақсы технологиялық нәтиже болады және жалпы Күн жүйесінің эволюциялық процестері мен Жер - Ай жұптарының қалай дамығанын түсінуге мүмкіндік береді" деп үміттенеді.
Ол келесі "Луна - 26" ұшырылымы 2025 жылға жоспарланғанын еске салды.
Сұхбатында Натан Эйсмонт жарты ғасырға жуық Ресейдің Айға алғашқы миссиясы туралы, сондай-ақ айдың полярлық аймағына қонуы керек "Луна-25" автоматты планетааралық станциясы туралы көбірек айтты.
Сонымен қатар ол осы экспедицияның негізгі мақсаттарына тоқталды.
Айта кетейік, 11 тамызда Ресейдің "Луна-25" автоматты ғарыш станциясы ұшу жолына шықты.
"Союз 2.1 б" зымыраны Астана уақытымен сағат 5.11-де Восточный ғарыш айлағынан ұшырылды. 9 минуттан кейін "Луна-25" станциясы бар "Фрегат" үдеткіш блогы зымыранның үшінші сатысынан бөлініп, жер орбитасына шықты.
"Луна-25" күрделі рельефі бар айдың оңтүстік полюсі аймағына жұмсақ қонатын алғашқы станция болуы керек.
Алдыңғы станция "Луна-24" 1976 жылы Байқоңырдан ұшырылды.