Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскері Купянск бағытында шабуылды үдетті

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуРабота артиллерийских расчетов РСЗО БМ-21 "Град" ЦВО на Краснолиманском направлении в ЛНР
Работа артиллерийских расчетов РСЗО БМ-21 Град ЦВО на Краснолиманском направлении в ЛНР - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
Ресей арнайы әскери операцияның Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша негізгі мақсатына кезеңді түрде жақындап келеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Майданның оңтүстік учаскесінде ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылын тойтарып жатса, солтүстік учаскеде қарсы тарап бекіністеріне жойқын шабуыл жасап, Харьков облысының елді мекендерін азат етіп жатыр және олар Купянск маңындағы аумаққа жетті.
Ресей Федерациясының әскері Купянск бағытында алға жылжып, бүгін Ивановкадан солтүстік-шығысқа қарай – Харьковтан шығысқа қарай 100 шақырым жерде Купянск қаласына жетті. Сонымен қатар 6-шы жалпы әскер армиясының шабуылдаушы топтары Харьковтен батысқа қарай 20 шақырым жерде Ольшаны елді мекені аймағындағы бес бекіністі басып алды. Біраз бұрын орыс әскері Харьков облысындағы бес елді мекенді азат етті.
"Киевтің бақылауындағы аймақтық әкімшілік Харьков тұрғындарының көпшілігінің қарсылығына қарамастан, 2022 жылдың наурыз айынан бастап халықты екінші рет эвакуациялауға дайындалып жатыр. Тізімге 53 елді мекен енгізілген. Бір күн бұрын Украина Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы Александр Сырский Купянск облысындағы командалық пункттердің бірінде барлау жүргізіп, Ресей Қарулы күштері қуатты шабуылға дайындалып жатыр деген айқын қорытындыға келді", - деп жазды Хроленко.
Бұған дейін Украина қолбасшылығы Ресейдің Купянск бағытында "100 мыңнан астам жауынгер, 900-ден астам танк, 555-тен астам артиллериялық қондырғы, 370 өздігінен жүретін зеңбірек" шоғырланғанын хабарлаған.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, арнайы әскери операция аймағында әрекет ететін Ресей Құрлық әскерінің бөлігіне 550 мыңға жуық әскери қызметші кіреді. Дегенмен бұл санды растау немесе жоққа шығару мүмкін емес.
Ресей әскері Артемовсктің батысында қарсы шабуыл жасап, Украина Қарулы күштерінің терең тылындағы - Ровенск, Хмельницк, Кировоград, Чернигов және басқа облыстардағы әскери нысандарға және логистикаға біріктірілген соққы жасап, Запорожье бағытында тиімді әрекет етіп жатыр. Ресейдің "қорғанудан шабуылға дейінгі" тактикасы арнайы әскері операция мақсаттарына жетудің дұрыс жолы болып отыр.
Карсы шабуыл жүргізудің үшінші айында украин әскері терең эшелондалған қорғаныстың бірінші желісіне де жете алмады. Киев режимінің адам күші мен техникасы межелі шоғырлану орнына жеткенге дейін артиллериялық, армия және шабуылдаушы авиация соққыларымен және миналанған алаңдарда жойылып жатыр. Украина армиясының резерві әлі де бар. Бірақ НАТО елдері мен басқа да одақтастар қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуді күрт арттыруға немесе осы көлемін сақтауға қабілетсіз. Өйткені Батысқа әскери-өнеркәсіп кешенінің жаңа қуаттарын құру үшін көп жыл қажет.
Америкалық The Hill басылымы былай деп жазды: "Қарсы шабуылда ілгерілеу болмауы президент Джо Байденді қиын жағдайға қалдырып отыр. Бірақ стратегияны қайта ойластырудың орнына, ол қайтадан ақша шашып, ұрыс даласындағы ғажайып жеңіске немесе Мәскеудегі саяси төңкеріске үміттенеді".
Хроленконың пікірінше, Батыста Украинаны қолдауға қатысты "шаршау" байқалады және америкалықтардың көпшілігі Конгресстің Киевке одан әрі әскери және экономикалық көмек көрсетуге рұқсат беруіне қарсы. Америкалық демократ-конгрессмен Майкл Куигли Еуропада украин бөлімшелерінің америкалық әскери нұсқаушыларымен сұхбаттан кейін мынандай пікір білдірді: "Украинадағы ұрыс алаңындағы жағдай туралы хабарлар ақиқатты мойындауға мәжбүрлейді".
Вашингтон Украина Қарулы күштері үшін қосымша 6 миллиард доллар тапқанымен, бұл ақшаны 155 миллиметрлік артиллериялық снарядтарға тез айналдыру тіпті АҚШ-тың әскери-өнеркәсіптік кешенінің де қолынан келмейді. Оқ-дәрілер Ресейде емес, Америкада таусылып жатыр. Германия Украинаға қосымша 25 Leopard 1A5 танкін жіберсе де, технологиялық тұрғыдан көнерген бұл техника әскери іс-қимылдар бағытына әсер ете алмайды.
"Арнайы әскери операцияның бірінші жылында ұжымдық Батыс Киев режиміне өзінің барлық арсеналын, ондаған миллиард доллар мен "Солтүстік ағындарды" және Еуропаның ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерін құрбан етті. Ресейді қатаң экономикалық санкциялармен және Украинаның күшімен жеңу нәтиже бермеді. Сондықтан тағы бір геосаяси сәтсіздік АҚШ-тың әлем алдындағы үстемдігіне және НАТО-ның тиімділігіне қатысты күдік тудырады", - деп жазды Хроленко.
Вашингтон мен Брюссель көп ұзамай Ресей әскері Днепрдің сол жағалауында Украинаның Қарулы күштерін талқандап, жойқын шабуылға шығатынын түсінді. Сол себепті АҚШ Тайвань аралындағы әскери іс-қимылдарға қатысты жоспарын қайта қарауы мүмкін.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0