Павлодарда 16 жастағы қызды терезеден секіруге мәжбүрлеген 3 жігіт сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Павлодарда 16 жастағы қызды жабылып зорлаған 3 жігітке үкім шықты. Сот олардың біреуіне 15 жыл, қалған екеуіне 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Оған қоса зардап шегушіге 8 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Естеріңізге салайық, сұмдық оқиға өткен жылы тамызда болған. Жетімдер үйінде өскен қызды туған күн тойлаймыз деп алдап, пәтерге апарған. Сол жерде 3 бірдей жігіт оны зорлап, бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Бұндай қорлыққа шыдамаған қыз 10-қабаттың терезесінен секіріп, мүгедек болып қалды. Қазір өздігінен жүре алмайды. Әлі аурухана жағалап, ем алып жүр.
"Сот Игембаев Данил Константиновичті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігі және 121 баптың 3 тармақшасы бойынша кінәлі деп тауып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды", - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.
Ал Кастретов Рүстем Талғатұлы және Сайлаубаев Асан Жанболатұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әр қайсысы 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот шешімі шыққан күннен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
0