Олимпиада медаліне үміткер спортшыларға ай сайынғы төлемнің мөлшері анықталады

© AP Photo / Lee Jin-man Олимпиады медалдері
 Олимпиады медалдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 тамыз - Sputnik. Олимпиада медаліне үміткер спортшылар мен жаттықтырушыларғаберілетін ай сайынғы төлемдерді анықтау критерилері енгізіледі, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Ведомство "Жоғары санатты спортшылар, жаттықтырушылар және жоғары санатты спортшыларды даярлайтын дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарт бойынша ақша төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" бұйрыққа өзгертулер әзірледі.
"Бұйрық жобасына сәйкес, спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы төлемнің ең төменгі және ең жоғары мөлшері анықталады. Олимпиада, Паралимпиада немесе Сурдлимпиаданың медаліне үміткер спортшыларға ай сайынғы төлем мөлшері спортшының ағымдағы олимпиадалық циклде Әлем немесе Азия чемпионатының/кубогының жеңімпазы немесе жүлдегері болуына байланысты белгіленеді", - дейді министрлік.
Ал жаттықтырушылар мен бас жаттықтырушылар ересектер арасындағы әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде медаль жеңіп алу бойынша міндеттемені алуғатиіс. Бұл жаттықтырушы-кеңесшілерге де, яғни тек Олимпиада жүлдесіне үміткер спортшыларды даярлайтындарға ғана қатысты.
"Құжаттың жаңа редакциясында сомасы мен төлеу мерзімі өзгерген жоқ. Мысалы, Олимпиада медаліне үміткер спортшы ай сайын шартта белгіленген соманың 50%–ын (700-ден 7500 АҚШ долларына дейін) алады, қалған бөлігі медаль жеңіп алу бойынша міндеттеме орындалған жағдайда ғана төленеді", - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Жаңалықтар
0