Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденты в аудитории, архивное фото
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Ол 20 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, 40 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Оқуға түсушілердің 41%-ы немесе 16 мыңнан астам адам шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 11-20 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.
Жаңалықтар
0