ЕАЭО аясында қазақстандық бизнесмендер үлкен нарыққа шығады

© Photo ЕАЭО тулары
 ЕАЭО тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық ынтымақтастық аясында жоспарлы құжаттарды әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сараптамалық кеңесінде халықаралық ұйымдармен жасалған меморандумдарды іске асыру мәселесі талқыланды. Соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығымен және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығымен рәсімделген меморандумдар бар. Осы құжаттар бойынша іс-шаралар жоспарларының жобалары да қаралды.
"Аталған жоспарларды іске асыру ШЫҰ және АӨСШК өңірлеріндегі экономика салаларындағы өзекті даму үрдістерін қабылдауға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты дамытуда біздің әріптестерімізбен жинақталған тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Жоспар жобасына көлік инфрақұрылымы мен логистика, өнеркәсіп, цифрландыру, агроөнеркәсіп және тағы басқа Қазақстан үшін өзекті және маңызды салаларда ынтымақтастықты дамыту қарастырылған. Қазақстандық тауарлардың экспортын да айтарлықтай ұлғайтуға болады.
"Бұдан бөлек қазақстандық бизнес Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің нарықтарына шыға алады. Оның көлемі әлемдік жалпы ішкі өнімнің 30 проценті, яғни 38,5 трлн доллардан асады және әлемдік сауданың 16 процентін немесе 5,5 трлн долларды құрап отыр", - дейді сарапшылар.
Талқылау қорытындысы бойынша қазақстандық сарапшылар жоспарлардың жобаларына өз ескертулерін енгізді. Осыған байланысты құжаттар қосымша пысықтауға жіберілді.
Жаңалықтар
0