https://sputnik.kz/20230811/astanada-kuyeuimen-ursysyp-qalgan-ayel-balalarynyn-omirin-qaterge-tikti-37565517.html
Астанада күйеуімен ұрсысып қалған әйел балаларының өмірін қатерге тікті
Астанада күйеуімен ұрсысып қалған әйел балаларының өмірін қатерге тікті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Астана полицейлері балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz. 11.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-11T08:52+0500
2023-08-11T08:52+0500
2023-08-11T09:27+0500
астана
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:490:1997:1613_1920x0_80_0_0_c853e3c601aacb61d88f7a8cb828cf66.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Астана полицейлері балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды. Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті. Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын.9-шы қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланы әкесі терезеден түсіріп алғанын көрді. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтып айқайлаған.Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп жатқанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, сосын пәтерге кіріп, байқамай жақындап, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізді.24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер"бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасы ерекше бақылауға алынды.Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:303:1997:1800_1920x0_80_0_0_0a9f372dd61fff6b6cb09ba7d544bd00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астанада күйеуімен ұрсысып қалған әйел балаларының өмірін қатерге тікті
08:52 11.08.2023 (жаңартылды: 09:27 11.08.2023) АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Астана полицейлері балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады
Polisia.kz. 9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды. Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті. Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын.
9-шы қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланы әкесі терезеден түсіріп алғанын көрді. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтып айқайлаған.
Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп жатқанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, сосын пәтерге кіріп, байқамай жақындап, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізді.
24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер"бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасы ерекше бақылауға алынды.
Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.