Алматы облысында "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы өтеді

© Солтан ЖЕКСЕНБЕКОВвыставка лучший товар Казахстана
выставка лучший товар Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 тамыз - Sputnik. Қонаев қаласында 12 тамызда "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсы дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді.
"Көрмеде қала тұрғындары мен қонақтары отандық жоғары сапалы тауарларды өзіндік құны бойынша сатып ала алады. Кәсіпкерлер бір-бірімен танысуға, нарықтың, бәсекелестердің әлеуетін бағалауға, іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік алады", - дейді облыстық әкімдік.
Байқауға 7 компания өтінім берді. Өңірлік іріктеу жеңімпаздары жыл соңында республикалық конкурсқа қатысады.
"Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсы аясында алғаш рет "Бір ауыл - бір өнім" жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылатын болады. Жоба қолөнершілерді танымал етуге, талантты шеберлерді анықтауға бағытталған", - дейді ведомство.
"Бір ауыл-бір өнім" жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде құрылған "Мен кәсіпкер" бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады.
Жаңалықтар
0