Түркия қазақ жастары тегін білім алуы үшін 500 квота бөлді

© Photo : Аккаунт Минобразования и науки Казахстана в соцсетяхҚожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Түркия қазақстандық жастардың тегін, әрі сапалы білім алуы үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы 500 квота бөлді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Жыл сайын бөлінетін Түркия квотасы биыл 40-тан астам мамандықтар бойынша беріліп отыр. Конкурсқа ҰБТ-дан өткен және нәтижесінде университеттің шекті балын жинаған, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 баллдан жоғары ұпай жинаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
"Бұл квотаның ерекшелігі – студенттер бір "Дайындық факультетінде" оқып, қазақ және түрік, сондай-ақ кейбір мамандықтар үшін ағылшын тілдері бойынша терең білім ала алады", - деп жазылған хабарламада.
Құжат 10-17 тамыз аралығында қабылданады. Мамандықтар бойынша бөлінген квота саны туралы ақпаратты университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.
 Астана талапкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Грант иегерлері құжатты 25 тамызға дейін тапсырып үлгеруі керек
Жаңалықтар
0