Солтүстік Қазақстанда орманшылар бензиннің бір литрін 16 мың теңгеге сатып алмақ болды

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilБензин
Бензин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығының қызметкерлері АИ – 92 маркалы бензиннің бір литрін 16 мың теңгеге сатып алғысы келген. Бірақ тендер дер кезінде жойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Орманшылар бензинді өз бағасынан 80 есе қымбатқа сатып алуды жоспарлаған. Оған 600 миллион теңге кететін еді. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған қымбат лотты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары анықтады. Осыдан кейін тапсырысты түзетуге тура келді.
Осыған ұқсас дерек Айыртау ауданында да тіркелді. Ол жақта білім бөлімі бір жылыту қазандығына бақандай 30 млн теңге бөліп жіберген. Тағы бір ауылда әкімдік бір үлкен орындықты 7,5 миллион теңгеге бағалады. Алайда өз бағасы 800 мың теңге болып шықты.
Жалпы, жарты жылдың ішінде облыста бағаны асыра көрсетудің 63 фактісі анықталды. Барлық тендер жойылды. Алдын алу шараларының арқасында 1,4 млрд теңге үнемделді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтың айтуынша, түсініктеме алу кезінде шенеуніктер механикалық қателіктер жібердік деп ақталған.
"Ал егер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі олардың алдын ала мемлекеттік бюджеттік қаражатты жымқыру дерегін дәлелдейтін болса, әрине қылмыстық жазаға тартылады", - дейді Жүнісов.
Жаңалықтар
0