https://sputnik.kz/20230810/smayylov-aqtobe-qarabutaq-ulgaysyn-avtozholynyn-zhagdayymen-tanysty-37531875.html
Смайылов "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолының жағдайымен танысты
Смайылов "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолының жағдайымен танысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында "Бұқара-Орал" магистралды газ құбырының жаңа желісін салу... 10.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-10T13:56+0500
2023-08-10T13:56+0500
2023-08-10T13:56+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0a/37531709_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_25efb8fcd47048a1f9cd35741e37f158.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында "Бұқара-Орал" магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолының жағдайымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы мен оған іргелес аумақтар "Бұқара-Орал" және "Жаңажол-Ақтөбе" магистралды газ құбырларының үш желісі арқылы газбен қамтамасыз етіледі.Премьер-министр бұл мәселені шешу мақсатында Ақтөбе қаласына "Бұқара-Орал" магистралды газ құбырының жаңа желісінің құрылысы басталғанын атап өтті. Ауқымды жобаның жалпы құны 43,4 млрд теңгені құрайды. Сағатына 526,5 мың текше метр өткізу қабілеті бар 165 шақырым магистралды газ құбыры салынбақ. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған."Жаңа газ құбыры Ақтөбе қаласының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және 3 трлн теңгеден астам сомаға 17 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осындай ірі жобаларды салу кезінде отандық компоненттер мен материалдарды пайдалануды арттыру қажет екенін атап өткім келеді", — деді Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0a/37531709_135:0:946:608_1920x0_80_0_0_2b806a6658864422a17519c0e343fc2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында "Бұқара-Орал" магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолының жағдайымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы мен оған іргелес аумақтар "Бұқара-Орал" және "Жаңажол-Ақтөбе" магистралды газ құбырларының үш желісі арқылы газбен қамтамасыз етіледі.
"Сонымен қатар жыл сайынғы халық санының өсуі, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп орындарының салынуы газ тұтыну көлемі мен қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттырып отыр", - делінген хабарламада.
Премьер-министр бұл мәселені шешу мақсатында Ақтөбе қаласына "Бұқара-Орал" магистралды газ құбырының жаңа желісінің құрылысы басталғанын атап өтті. Ауқымды жобаның жалпы құны 43,4 млрд теңгені құрайды. Сағатына 526,5 мың текше метр өткізу қабілеті бар 165 шақырым магистралды газ құбыры салынбақ. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
"Жаңа газ құбыры Ақтөбе қаласының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және 3 трлн теңгеден астам сомаға 17 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осындай ірі жобаларды салу кезінде отандық компоненттер мен материалдарды пайдалануды арттыру қажет екенін атап өткім келеді", — деді Смайылов.