Қазақстанда Абай есімді 18,5 мыңға жуық адам тұрады

© Photo : Болат Әбділмановтың жеке архивіненАбай рөліндегі Болат Әбділманов
Абай рөліндегі Болат Әбділманов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Абай күніне орай ұлттық статистика бюросы ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі. Мұнда 2050 адам тұрады", - делінген бюро хабарламасында.
Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны жағынан екінші орында – Астана. Елордада ұлы ойшылдың атын арқалаған 1930 адам тұрады. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді.
Ойшыл есімі бар тұрғындар саны Ұлытау өңірінде өте аз. Мұнда небәрі Абай есімді 194 адам тұрады. Ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) 238 адам тұрады.
Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында – 8231 адам.
Жаңалықтар
0