https://sputnik.kz/20230810/pornovideo-korsetuge-arnalgan-79-kense-men-pater-anyqtaldy--video-37482044.html
Порно көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықталды – видео
Порно көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықталды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik... 10.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-10T09:47+0500
2023-08-10T09:47+0500
2023-08-10T09:53+0500
қылмыстық топ
порнография
https://sputnik.kz/img/167/95/1679560_0:14:2839:1611_1920x0_80_0_0_a8d3f74a579c4e0fff4d425e44a1b931.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Қылмыстық топтың мүшелері әлеуметтік желі арқылы ай сайын 2 млн теңгеге дейін табыс табуға болатынын жарнамалап, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды іздеген. Ал өздерін модельдік агенттік ретінде таныстырған.Жұмыс іздеп келген қыздар барлық талапты орындауға мәжбүр болған. Себебі оларға психологиялық қысым жасалған, айыппұл салу жүйесі де болыпты.Қылмыстық топтың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндетті орындаған. Олар – ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер. Соңғы бес жылда қаражат айналымы 3 млрд теңгеден асқан.Полиция Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтерді анықтады.Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі заты және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді.Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, соның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мұндай қылмыс үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі тәркіленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/167/95/1679560_336:0:2504:1626_1920x0_80_0_0_f001dcfaf66dac78d168ae68398f8450.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, порнография
қылмыстық топ, порнография
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
Қылмыстық топтың мүшелері әлеуметтік желі арқылы ай сайын 2 млн теңгеге дейін табыс табуға болатынын жарнамалап, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды іздеген. Ал өздерін модельдік агенттік ретінде таныстырған.
Жұмыс іздеп келген қыздар барлық талапты орындауға мәжбүр болған. Себебі оларға психологиялық қысым жасалған, айыппұл салу жүйесі де болыпты.
Қылмыстық топтың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндетті орындаған. Олар – ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер. Соңғы бес жылда қаражат айналымы 3 млрд теңгеден асқан.
Полиция Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтерді анықтады.
Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі заты және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді.
Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, соның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мұндай қылмыс үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі тәркіленеді.