https://sputnik.kz/20230810/oralda-zeynetkerdi-oltirgen-tort-balanyn-anasy-sottaldy-37479702.html
Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды
Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Оралда 9 наурызда Зашаған кентіндегі жеке үйлердің бірінде 72 жастағы зейнеткерді өлтірген әйел сотталды, деп хабарлады "Мой... 10.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-10T07:26+0500
2023-08-10T07:26+0500
2023-08-10T07:26+0500
орал
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Оралда 9 наурызда Зашаған кентіндегі жеке үйлердің бірінде 72 жастағы зейнеткерді өлтірген әйел сотталды, деп хабарлады "Мой город".Қылмыскер марқұмды өлтіріп, алтын бұйымдарды: сырғаларды, неке жүзігін алып кеткен.Сәуір айында полиция 35 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оның үйінен қанға малынғанкиімдер, пышақ және басқа да айғақ заттар табылды.2022 жылдың тамыз айында күдікті тергеу изоляторында төртінші баласын дүниеге әкелген. Әйелге қатыстыбұлтартпау шарасы өзгертіліп, үйқамаққа алынды.35 жастағы Аида Жалғасова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы және 192-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды,жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді. Жалғасова сот залында қамауға алынды.Сонымен қатар сотталушы қаза болған зейнеткердің туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге тиіс.Аида Жалғасованың өзі де, оның қорғаушылары да сот шешімімен келіспеді.Әйелдің адвокаты Арман Әбдірашит апелляциялық шағым түсіретінін айтты."Соттың бұл шешімімен мүлдемкеліспейміз. Бұл қылмыстық іс қолданыстағы заңды тұтасымен бұзғандықтан, оған шағымданамыз. Сот секілді прокуратура да бұл заңбұзушылықтарға мүлдем назар аудармады", - деді ол.Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, оған шағым жасауға болады.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Оралда 9 наурызда Зашаған кентіндегі жеке үйлердің бірінде 72 жастағы зейнеткерді өлтірген әйел сотталды, деп хабарлады "
Мой город".
Қылмыскер марқұмды өлтіріп, алтын бұйымдарды: сырғаларды, неке жүзігін алып кеткен.
Сәуір айында полиция 35 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оның үйінен қанға малынғанкиімдер, пышақ және басқа да айғақ заттар табылды.
2022 жылдың тамыз айында күдікті тергеу изоляторында төртінші баласын дүниеге әкелген. Әйелге қатыстыбұлтартпау шарасы өзгертіліп, үйқамаққа алынды.
35 жастағы Аида Жалғасова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы және 192-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды,жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді. Жалғасова сот залында қамауға алынды.
Сонымен қатар сотталушы қаза болған зейнеткердің туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге тиіс.
Аида Жалғасованың өзі де, оның қорғаушылары да сот шешімімен келіспеді.
"Не үшін соттадыңыз? Үйде мені төрт кішкентай балам күтіп отыр. Ол адамды өмірімде көрген де емеспін", - деді сотталушы.
Әйелдің адвокаты Арман Әбдірашит апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
"Соттың бұл шешімімен мүлдемкеліспейміз. Бұл қылмыстық іс қолданыстағы заңды тұтасымен бұзғандықтан, оған шағымданамыз. Сот секілді прокуратура да бұл заңбұзушылықтарға мүлдем назар аудармады", - деді ол.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, оған шағым жасауға болады.