Астаналықтар 1 бөлмелі пәтерлерді сатып алып жатыр – талдау

© Sputnik / Владислав ВодневАстана келбеті
Астана келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Астаналықтар бір бөлмелі пәтерлерді белсенді түрде сатып алып жатыр. Тұрғын үй нарығындағы белсенділік бойынша елорда Алматыны басып озды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылдың шілдесінде мәмілелер саны бойынша Астана (6 675 – 19,5%), Алматы (5 217 – 15,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 118 – 9,1%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 425 бірлік (1,2%).
2023 жылдың маусым айымен салыстырғанда шілдеде мәмілелер санының ең көп өсімі Астана қаласында (47,6%), Түркістан (39,4%) және Ұлытау (23,9%) облыстарында тіркелді, бір айдағы ең үлкен төмендеу Қостанай (8,1%), Қызылорда (5,5%) және Атырау (3,1%) облыстарында байқалды.
2023 жылдың маусымымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 15,7% (3 451 мәмілеге) өсті. Шілде айында пәтерлер бойынша барлығы 25 444 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы.
"Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, шілде айында олардың 9 779-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Астана (25,8%), Алматы (18,3%) қалаларына және Қарағанды облысына (10%) тиесілі", - деп жазылған хабарламада.
2023 жылдың маусым айымен салыстырғанда, шілдеде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 11,3%-ға ұлғайып (894 мәмілеге), 8 781-ді құрады. Оң көрсеткіш еліміздің барлық өңірінде байқалды.
2023 жылдың шілдесінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12,6%-ға өсті, ол кезде 30 393 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғарым өсім көрсеткіші Астана қаласында (52%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Шығыс-Қазақстан облысында (25,6%) тіркелді.
2023 жылдың қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санының 2022 жылдыңқаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда теріс динамика орнықты – 33,7% кем.
Бір жылда (2023 жылғы шілдеден 2022 жылғы шілдеге дейін) жаңа тұрғын үйлерді сату 4,3% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағалары 0,7% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы шілдеде 28,6% артты.
Жаңалықтар
0