Тоқаев Сингапур басшысына жеделхат жолдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.
Жаңалықтар
0