https://sputnik.kz/20230809/toqaev-qurylys-materialdaryn-shygaratyn-zauytty-aralap-kordi-37470747.html
Тоқаев құрылыс материалдарын шығаратын зауытты аралап көрді
Тоқаев құрылыс материалдарын шығаратын зауытты аралап көрді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ZENITH" зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда. 09.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-09T17:57+0500
2023-08-09T17:57+0500
2023-08-09T17:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37470414_0:114:3239:1935_1920x0_80_0_0_a0bc6051b0bb75cfa3bdd0ca126cdffa.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ZENITH" зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда.Кәсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен және түрлі мақсатта қолданылатын нысандар салумен айналысады.Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын цехтарын аралап, зауыт өнімдерімен танысты. Мұнда бетон, іргетас блоктары, кірпіш секілді құрылыс материалдары өндіріледі. Таяуда зауытта төмен қысымды полиэтиленнен диаметрі үлкен құбырлар шығаратын өндірістік желі іске қосылды. Өнім шаруашылық-ауызсу және техникалық сумен жабдықтау құбырларын салуда кеңінен қолданылады.Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бүгінде өндіріс инфрақұрылымына 20 миллиард теңге шамасында инвестиция құйылған. Сонымен қатар зауыт мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша әлеуметтік тұрғын үйлер салуға қатысады. Кәсіпорын жаңа өндірістерді іске қосып, көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беруді, соның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында жылына 100 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.Зауыт ұжымымен әңгімелесу барысында президент отандық құрылыс индустриясын дамытудың маңызды екенін атап өтті."Cіздер экономикамыздың лайықты секторына айналдыңыздар. Осы сала мемлекет тарапынан қолдауға ие болуына мүдделімін. Әлбетте, біз адал серіктес ретінде қолдау білдіреміз. Тағы да қайталап айтамын. Шағын және орта бизнестегі ахуал бүкіл экономикамыздың дамуына елеулі түрде ықпал етеді. Сондықтан сіздер менің ұдайы назарымда боласыздар", – деді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37470414_254:0:2983:2047_1920x0_80_0_0_659a95455b0c504ae16ef42757c4c64c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ZENITH" зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Кәсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен және түрлі мақсатта қолданылатын нысандар салумен айналысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын цехтарын аралап, зауыт өнімдерімен танысты. Мұнда бетон, іргетас блоктары, кірпіш секілді құрылыс материалдары өндіріледі. Таяуда зауытта төмен қысымды полиэтиленнен диаметрі үлкен құбырлар шығаратын өндірістік желі іске қосылды. Өнім шаруашылық-ауызсу және техникалық сумен жабдықтау құбырларын салуда кеңінен қолданылады.
Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бүгінде өндіріс инфрақұрылымына 20 миллиард теңге шамасында инвестиция құйылған. Сонымен қатар зауыт мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша әлеуметтік тұрғын үйлер салуға қатысады. Кәсіпорын жаңа өндірістерді іске қосып, көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беруді, соның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында жылына 100 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
Зауыт ұжымымен әңгімелесу барысында президент отандық құрылыс индустриясын дамытудың маңызды екенін атап өтті.
"Cіздер экономикамыздың лайықты секторына айналдыңыздар. Осы сала мемлекет тарапынан қолдауға ие болуына мүдделімін. Әлбетте, біз адал серіктес ретінде қолдау білдіреміз. Тағы да қайталап айтамын. Шағын және орта бизнестегі ахуал бүкіл экономикамыздың дамуына елеулі түрде ықпал етеді. Сондықтан сіздер менің ұдайы назарымда боласыздар", – деді мемлекет басшысы.