Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты
Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.
Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда соны серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
"Бәрін көрдім, түсінемін": президент Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесті
Жаңалықтар
0