https://sputnik.kz/20230809/shymkentte-18-zhastagy-qyz-zhertoleden-oli-tabyldy-uydin-korshileri-oqiga-zhayly-pikir-bolisti-37366957.html
Шымкентте 18 жастағы қыз жертөледен өлі табылды: үйдің көршілері оқиға жайлы пікір бөлісті
Шымкентте 18 жастағы қыз жертөледен өлі табылды: үйдің көршілері оқиға жайлы пікір бөлісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Шымкентте жоғалған 18 жастағы бойжеткеннің денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылды. Оны өлтірді деген күдікке студент... 09.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-09T07:37+0500
2023-08-09T07:37+0500
2023-08-09T07:39+0500
шымкент
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18084880_0:0:1443:811_1920x0_80_0_0_5abcde9cae766e57aeb4c33747d5bb4c.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Шымкентте жоғалған 18 жастағы бойжеткеннің денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылды. Оны өлтірді деген күдікке студент қыздың туған жездесі ілініп отыр. Алайда жездесінің көршісі оның мұндай айуандыққа барады дегенге сенбейді, деп хабарлайды "КТК" арнасы."ҚР ҚК 99-бабы, "кісі өлтіру" бабымен тіркеліп, барлық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті изоляторға қамалды" , - дейді Шымкент ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батырбек Мырзагелдиев.Түркістаннан Шымкентке келіп оқып жатқан Аида Әбілдә туған әпкесінің үйінде тұрыпты. 4 тамызда үйінен шығып қайта оралмаған соң, ертесіне іздеу жарияланған. Үш күннен кейін туыстары оның мәйітін өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен тапқан. Полицияның мәліметінше, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені төсек жаймасына орап тастаған. 18 жастағы балдызын азаптап өлтірді деген күдікке ілінген 20 жастағы жездесі туралы көршілері жақсы пікірде."Мен Азаматты бала күнінен білемін. Ол адам өлтірмек түгілі, мысыққа зияны жоқ адам. Былтыр ғана үйленген.Төрт-бес айлық баласы бар, үнемі жұмыста болатын. Оның омыртқасы ауыратын, яғни ауыр көтермейтін. Ол қалайша адам өлтіреді? Ал балдызы былтырдан бері үйінде жүрді. Бір ұрысқанын естімегенбіз. Біз Азаматтың азғындыққа барды дегеніне сенбейміз" , - дейді күдіктінің көршісі Наталья Япаева.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18084880_168:0:1249:811_1920x0_80_0_0_06febf5a137a1b09d8b91629abc85c8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қылмыс
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Шымкентте жоғалған 18 жастағы бойжеткеннің денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылды. Оны өлтірді деген күдікке студент қыздың туған жездесі ілініп отыр.
Алайда жездесінің көршісі оның мұндай айуандыққа барады дегенге сенбейді, деп хабарлайды
"КТК" арнасы.
"ҚР ҚК 99-бабы, "кісі өлтіру" бабымен тіркеліп, барлық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті изоляторға қамалды" , - дейді Шымкент ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батырбек Мырзагелдиев.
Түркістаннан Шымкентке келіп оқып жатқан Аида Әбілдә туған әпкесінің үйінде тұрыпты. 4 тамызда үйінен шығып қайта оралмаған соң, ертесіне іздеу жарияланған. Үш күннен кейін туыстары оның мәйітін өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен тапқан.
Полицияның мәліметінше, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені төсек жаймасына орап тастаған.
18 жастағы балдызын азаптап өлтірді деген күдікке ілінген 20 жастағы жездесі туралы көршілері жақсы пікірде.
"Мен Азаматты бала күнінен білемін. Ол адам өлтірмек түгілі, мысыққа зияны жоқ адам. Былтыр ғана үйленген.Төрт-бес айлық баласы бар, үнемі жұмыста болатын. Оның омыртқасы ауыратын, яғни ауыр көтермейтін. Ол қалайша адам өлтіреді? Ал балдызы былтырдан бері үйінде жүрді. Бір ұрысқанын естімегенбіз. Біз Азаматтың азғындыққа барды дегеніне сенбейміз" , - дейді күдіктінің көршісі Наталья Япаева.