Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскери тікұшақтар өндірісін арттырды

© Пресс-служба МО РФ / Медиабанкке өтуВертолет Ка-52
Вертолет Ка-52  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің орасан зор әлеуеті және Ресей қаруының технологиялық артықшылығы Украина мен Солтүстік Атлантикалық альянсты мүмкіндіктерін бәсеңдетеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейлік шабуылдаушы тікұшақтар Батыстың Киевке әскери жеткізілімдердің пайдасыздығын, НАТО-ның өз әскерін батысқа, яғни 1997 жылғы шекке дейін қайтару туралы Мәскеудің әділ талаптарын орындаудың қажеттілігін айқындайды.
7 тамызда Ростех компаниясының басшысы Сергей Чемезов Ресей президенті Владимир Путинге 2022 жылғы жұмыс нәтижелері және қару-жарақ өндірісінің бірнеше есе артқаны туралы баяндады. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы Ресей Федерациясының 60 аймағындағы 800 ғылыми және өндірістік бірлестік үшін тұрақты басымдық болып қала береді. Ресейдің технологиялық және ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды авиация саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
"Ресей тікұшақтары" холдингі бір жыл ішінде 296 жауынгерлік бұранда-қанатты машина шығарды және өсім 120%-ті көрсетті. Маусым айының басынан бері Ка-52 "Аллигатор" шабуылдаушы тікұшақтары "Вихрь" танкке қарсы басқарылатын зымырандарымен ондаған неміс "Леопарды" мен америкалық "Брэдлилерді" қоса алғанда, жүздеген танк пен жаяу әскерлердің жауынгерлік машинасын, соның ішінде жойды. Әскери іс-қимылдар аумағында қиратылған Ка-52 тікұшағының саны артып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Ресейдің әскери-ғарыш күштерін әлі де көп жауынгерлік жұмыс күтіп тұр. Себебі, 2022 жылдың ақпан айынан бастап Украинаға Батыстан жүздеген танк, 4 мыңнан астам броньдалған техника, 1,1 мың артиллерия жолданды. Еске салсақ, арнайы әскери операцияның 530 күнінде Украина Қарулы күштерінің 11,2 мыңнан астам танкі мен броньдалған техникасы жойылды.
Америкалық Military Watch журналы кеше былай деп жазды: "Ресейдің шабуылдаушы тікұшақтары әскери іс-қимылдар кезінде маңызды рөл атқарып жатыр. Ми-28 және Ка-52 тікұшақтары 2023 жылдың жазында украиналық әскер қарсы шабуыл жасауға әрекеттенген кезде олардың броньдалған техникасына айтарлықтай зиян келтірді. Ресей тікұшақтары сипаттамасы бойынша әлі де әлемде көш бастап келеді, ал Ми-28 және Ка-52 шабуылдаушы тікұшақтарына тең келетін техника жоқ".
Жаңа "Вихрь-1" зымыраны қарсы тараптың әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағынан тыс жерде 10 километрге дейінгі қашықтықтағы нысананы қиратығу қабілетті. Арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік шабуылдаушы тікұшақтар іс жүзінде шығынсыз жұмыс істеп жатыр.
Украинаның әскери іс-қимылдар театрында Ка-52 тікұшақтары Құрлықтағы әскер әрекетін әуеден қолдайды, десант бөлімшелерін жылдам межелі нүктеге жеткізеді. Қару-жарақтың ауқымды арсеналы "Аллигаторларға" тәулік бойы Украина Қарулы Күштерінің адам күшін және броньдалған машиналарын, бас сауғалау орындарын, басқару пункттерін қиратуға мүмкіндік береді.
Алты сыртқы аспалы торапта Ка-52 тікұшағы әртүрлі санаттағы және жою қағидасындағы 2,8 мың килограмға дейінгі салмақтағы қаруды, кумулятивті және көлемді детонациялаушы оқтұмсықтары бар басқарылатын зымырандарды көтере алады.
Жақында "Аллигатор" 100 километрге дейінгі қанатты зымырандармен біріктіріледі де, тікұшақ Су-25М шабуылдаушы ұшақтары мен Су-24М бомбалаушы ұшақтарын алмастыруға қабілетті болады. Классикалық 30 миллиметрлі 2А42 зеңбірегі оның ұрыс даласындағы қуатын арттырады, дәл осындай зеңбірек БМП-2, БТР-82А және БТР-82АТ техникасының бортында да орналастырылған.
"Сонымен қатар "Аллигатор" өте жылдам ұшады – 320 км/сағ дейін Тәжірибелік ұшу қашықтығы 5,5 мың метрге дейінгі биіктікте 460 километрді құрайды. "Аргумент-2000" кешені, "Багет-53" интеграцияланған цифрлық есептеуіш машинасы, іздеу-бағыттауыш жүйесі және "Арбалет-52" радиолокациялық кешені, борттағы байланыс және қорғаныс кешендері соққы жасаушы Ка-52 ұшағының негізгі жабдықтары саналады", - деп жазды ресейлік әскери сарапшы.
Оның пікірінше, "Арбалет" 5 километрге дейінгі қашықтықта "Стингер"зымыранын анықтай алады. Ал танкті 12 километр, ұшақты 15 километрге дейінгі қашықтықта анықтап, 20-ға дейінгі нысанаға ілесіп ұша алады және қажетті ақпаратты бағыттауыш және навигациялық жүйеге жолдайды.
"Аллигатор" планетадағы қорғаныш мүмкіндігі ең жоғарғы тікұшақ болып саналады. Арнайы әскери операция кезінде қарсы тарап "Аллигатор" тікұшағына "Стингер" 18 зениттік зымырандымен соққы жасағанда, тікұшақ экипажы зардап шеккен жоқ. Сондықтан Ростех мұнымен шектеліп қалмай, бесінші буын Су-57 жойғыш ұшағын, модернизацияланған ТУ-160 стратегиялық зымыран тасығыш ұшағын, Ил-76МД-90А ауыр әскери-көлік ұшағын өндіруге арналған жаңа қуаттарды іске қосты. Нәтижесінде 2022 жылы әскери ұшақтардың өндірісі екі есеге артты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0