Өңірлер

Павлодар облысында өрттен екі жасар сәби көз жұмды

© Photo : Павлодар облыстық ТЖДПавлодар облысында өрттен екі жасар сәби көз жұмды
Павлодар облысында өрттен екі жасар сәби көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
ПАВЛОРДАР, 9 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жер үйде болған өрттен екі жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Департаменттің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жер үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Өрттен 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде", – деп атап өтті департаменттегілер.
Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді. Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды.
Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0