Абай күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание театра "Астана Опера"
Здание театра Астана Опера - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 10 тамызда қазақтың ақыны, ағартушысы, философ Абай Құнанбайұлының туған күні аталып өтеді. Ұлы қайраткердің 178 жылдығы күні Астанада оның шығармашылығы мен еңбектеріне арналған ондаған іс-шара өткізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
10 тамыз күні таңертең өтетін Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі Астанада мерекенің бастамасы болмақ.
Сағат 10:00-де Журналистер аллеясында "Алдымда ақын Абай - Темірқазық!" әдеби кездесу өтеді.
Бір сағаттан кейін Ұлттық академиялық кітапханада "Абай әлемі" іс-шарасы ұйымдастырылады. Осы уақытта №5 кітапханада оқырмандар "Абай – жүрек қалауы, даналық белгісі" іс-шарасында бас қосады.
Сол сияқты бұл күні Абай оқуларын орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізеді. Сағат 17:00-де "Жастар" театры Абай шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кешке шақырады.
Бұл күні Ақкөл қаласындағы "Арман Боровичок" балалар сауықтыру орталығында "Абай – дана, Абай дара қазақта" поэтикалық кеші өтеді.
Сонымен қатар 10 тамыз күні әлеуметтік желілерде елордада тұратын барлық этнос өкілдерінің қатысуымен білім беру мекемелері арасында #МенАбайдыоқимын челленджі өтеді.
Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысындағы алаңда Абайдың 178 жылдығына орай ақынның шығармаларына жазылған күйлер орындалады. Қорғалжын алаңында "Адамзаттың алыбы – хакім Абай!"музыкалық-әдеби кешіөтеді.
Сонымен қатар кешкі сағат 18:00-де М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында "Абайдың соңғы күндері" кино көрсету іс-шарасы ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0