https://sputnik.kz/20230808/taldyqorgandyqtar-zhagazhayda-teri-aurularyn-zhuqtyrgany-ras-pa-37363337.html
Талдықорғандықтар жағажайда тері ауруларын жұқтырғаны рас па
Талдықорғандықтар жағажайда тері ауруларын жұқтырғаны рас па
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда санитар дәрігерлер жергілікті жағажайдан су сынамасын алып, тері ауруларына шалдығу қаупі туралы қауесетті жоққа... 08.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-08T18:31+0500
2023-08-08T18:31+0500
2023-08-08T18:31+0500
шомылу маусымы
https://sputnik.kz/img/1032/41/10324191_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_c92a3ec59a02a6c2276a6cc6cbe2a9c4.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда санитар дәрігерлер жергілікті жағажайдан су сынамасын алып, тері ауруларына шалдығу қаупі туралы қауесетті жоққа шығарды.Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жергілікті су айдындарында шомылғаннан кейін бөртпе, қышу және қызару пайда болғанына шағымданғаны туралы ақпарат тарады.Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тараған қауесетке назар аударды. Санитарлық дәрігерлер су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын айтты."Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жақын маңдағы Қаратал өзені мен қалалық жағажайдан су сынамалары алынды. Сынамалар микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық және вирусологиялық көрсеткіштері бойынша алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша судың сапасы гигиеналық нормативтердің талаптарына сай", - деп хабарлады облыстық СЭБД баспасөз қызметі.Ведомство мамыр айының соңынан шілде айына дейін санитар дәрігерлер су айдындарынан 108 су және 18 топырақ сынамасын алғанын айтты. Азаматтардың немесе демалушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1032/41/10324191_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7cb746271297a6e88a057a1a33acce13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шомылу маусымы
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда санитар дәрігерлер жергілікті жағажайдан су сынамасын алып, тері ауруларына шалдығу қаупі туралы қауесетті жоққа шығарды.
Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жергілікті су айдындарында шомылғаннан кейін бөртпе, қышу және қызару пайда болғанына шағымданғаны туралы ақпарат тарады.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тараған қауесетке назар аударды. Санитарлық дәрігерлер су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын айтты.
"Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жақын маңдағы Қаратал өзені мен қалалық жағажайдан су сынамалары алынды. Сынамалар микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық және вирусологиялық көрсеткіштері бойынша алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша судың сапасы гигиеналық нормативтердің талаптарына сай", - деп хабарлады облыстық СЭБД баспасөз қызметі.
Ведомство мамыр айының соңынан шілде айына дейін санитар дәрігерлер су айдындарынан 108 су және 18 топырақ сынамасын алғанын айтты. Азаматтардың немесе демалушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.